menu
Жабу

Орал қаласында «Bondsalon» сұлулық студиясы ашылды

Жаңалықтар
26.10.2020

Бондаренко Анна Юрьевна – табанды кәсіпкер. Барлық жастар сияқты ола да кәсібін ашуды армандады. Сөйте тұра тапқан ақшасын шаш әрлеу, сәндеу курстарына жұмсайтын. Бұның соңы Аннаға сүйікті кәсібі мен табыс алып келді. Сұлулық салонында біраз жұмыс істеп, бұл саланы іштен зерттей келе, жекеменшік салон ашуға бел буды.

   unnamed.jpg

Қазір жалдау құны өте қымбат екенін түсіне отырып, Анна оның орнына сұлулық салонын сатып алам деп шешті. Бірақ жинаған ақшасы қалаған салонын сатып алуға жеткіліксіз болды. Басқа шешім қабылдау керек болды.

Жеңіл несие бойынша кеңес алу үшін Анна «Даму» қорына жүгінді. Онда оған «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие алу тиімді екенін түсінірді. Сөйтіп кепіл ретінде кәсіпкер алынған мүлікті ұсына отырып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 6%-бен несие алды. «Даму» қоры кепілзаттың жетпеген жеріне кепілдік берді.

Қазір «Bondsalon» сұлулық студиясы арулардың шашын сәндеп, бетін әрлеп, тырнақтарын ретке келтіріп берумен айналысады.

Мекенжайы: Орал, Есқалиев, 303

Тел. 8-775-555-30-53

Инстаграм: @bondsalon.uralsk