Кеңес ал!

29.06.2026

«Даму» қоры өңірлерде мобильді фронт-офистердің жұмысын жалғастырып келеді. Бұл кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өз елді мекенінде кеңес алуға мүмкіндік береді.

Шілде айында Қор мамандары еліміздің бірқатар аудан-қалаларына барып, кәсіпкерлерге қолданыстағы қолдау құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап береді және ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді.

Мобильді фронт-офистер кәсіпкерлерге облыс орталығына бармай-ақ қажетті кеңес алуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Шілде айына арналған мобильді фронт-офистердің шығу кестесімен төмендегі материалдардан таныса аласыздар.

Кәсіпкерлерді «Даму» қорының мамандарымен кездесуге және мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат алуға шақырамыз.