28.05.2026
Биылғы көрме отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімді ілгерілетуге және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға арналған еліміздегі ең ірі алаңдардың біріне айналды.
Көрме қорытындысы бойынша:
36 105 адам көрмеге келді;
600-ден астам қазақстандық өндіруші қатысты;
сатылған өнім көлемі
147,9 млн теңгені құрады;
7 млн теңгеге 1 келісімшарт жасалды;
1,705 млрд теңгеге
14 келісімшарт жасау жоспарлануда;
316 ниеттестік туралы келісімге қол қойылды.
«Даму» қоры көрменің табысты өтуіне қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне, Астана қаласының әкімдігіне, бас демеушілер Halyk Bank пен Freedom Bank-ке, сондай-ақ барлық серіктестерге, қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдіреді.
Алда — мерейтойлық X ULTTYQ ÓNIM көрмесіне дайындық!