Кеңес ал!

10.07.2026

Атырау облысы өнеркәсіптік, коммерциялық және тұрғын үй құрылысы жобалары белсенді жүзеге асырылып жатқан ірі индустриялық орталықтардың бірі болып саналады. Осындай жағдайда нарықты сапалы, сенімді әрі заманауи құрылыс өнімдерімен қамтамасыз ете алатын отандық өндірушілердің маңызы арта түседі.

Сондай кәсіпорындардың бірі- «Сеним-2030» ЖШС. Компания Атырау облысының нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп, табақ шыныны өңдеуге және шыны өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға маманданған. 2002 жылы құрылған кәсіпорын шағын өндірістен өңірдің құрылыс саласындағы сенімді серіктестерінің біріне дейінгі жолдан өтті.

Компания қызметінің негізгі бағыттарына шыныпакеттер өндіру, шыныны кесу және кешенді өңдеу, жиектерін тегістеу, сондай-ақ тұрғын үйлерге, әкімшілік ғимараттарға, сауда орталықтарына, өнеркәсіптік нысандарға және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне арналған әртүрлі күрделіліктегі шыны бұйымдарын дайындау кіреді. Жоғары дәлдіктегі жабдық өнімдердің мінсіз геометриясын, жиектерінің сапалы өңделуін және өндірістік ақаулардың барынша азайтылуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 8 шаршы метрге дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания техникалық талаптар мен тапсырыс берушілердің тілектерін ескере отырып, сериялық та, жеке де кез келген күрделіліктегі тапсырыстарды орындайды.

Компания өндіретін шыныпакеттер жоғары беріктігімен, ұзақ мерзімділігімен, жылу және дыбыс оқшаулау қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға және үй-жайларда қолайлы микроклимат қалыптастыруға ықпал етеді. Сапалы шикізат пен заманауи жабдықтарды пайдалану арқасында шығарылатын өнім қауіпсіздік, сенімділік және эстетика талаптарына сай келеді.

Компания басшысы Арнур Жексембаевтың айтуынша: «Көпжылдық жұмыс барысында 15 білікті қызметкерден тұратын кәсіпорын ұжымы мол кәсіби тәжірибе жинақтап, жауапты өндіруші ретінде бедел қалыптастырды. Мамандардың жоғары біліктілігі, өндірістің әр кезеңіндегі қатаң сапа бақылауы және технологиялық процестерді тұрақты жетілдіру компанияға өз клиенттерін сенімді өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Бүгінде «Сеним-2030» ЖШС өңірлік деңгейде құрылыс ұйымдарымен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен, терезе конструкцияларын өндірушілермен және жеке тапсырыс берушілермен ынтымақтастықты жалғастырып, кез келген күрделіліктегі тапсырыстарды уақтылы орындайды.

Бизнесті кеңейту мақсатында компания «Өрлеу» бағдарламасы аясында жылдық 12,6% мөлшерлемемен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарапынан қаржыландыру мақұлдауын алды. Бұл алдағы уақытта отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мекенжайы: Атырау қаласы,Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 50-ғимарат.

Байланыс телефондары: (7122) 292862, 292865.