«Папа, мама, мен». Өскеменде ашылған отбасылық көпсалалы жаңа клиниканың атауы осындай. Онда бір үйдің адамдары үшін бірыңғай бонус картасы бар.
Кәсіпкер Оксана Яблокова 2016 жылдан бастап дәріханалар желісі арқылы дәрі-дәрмектер мен фармацевтика өнімдерін бөлшек сатумен айналысады. 2019 жылдың күзінде кәсіпкер жаңа жоба - бүкіл отбасы үшін «Әкем, анам және мен» ұраны бар отбасылық көпсалалы клиника ашуға шешім қабылдады. Ол үшін «Даму» қорына шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау арқылы бизнес бастау туралы кеңес алу үшін келді. Кейін «Папа, мама, я» клиникасы» ЖШС тіркеп, банкке қажетті құжаттарды тапсырып, өз қаражатына емхана ашуға ғимарат сатып алады.
2020 жылдың ақпанында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдауының арқасында компания «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғимаратты жөндеуге және медицина жабдықтарын сатып алуға несие алды. Даму қоры жылдық 15% мөлшерлеменің 9%-ын субсидиялады. Сондай-ақ несие сомасының 40%-ына «Даму» қоры кепілдік берді.
Клиникада аллергология, гастроэнтерология, гинекология, дерматология, кардиология, қолмен емдеу, хирургия (кеңес беру), неврология, онкология, травматология, неврология, нефрология, оториноларингология, офтальмология, педиатрия, психология, рентген, ультрадыбыс, урология, физиотерапия, функционалды диагностика, эндокринология, эндоскопия, стоматология бөлімдері жұмыс істейді.
Клиникада емдеу бөлмелері, зертхана, дәріхана бар, сонымен қатар келушілерге ыңғайлы болу үшін VIP емдеу бөлмелері, балалар бұрышы бар. Үйде педиатр немесе терапевт шақыру қызметі қазірдің өзінде танымал.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Космическая 8, 8 (7232) 75 45 51, 754 537, 751 230, +7 777 981 92 26, инстаграм: @papa_mama_ya_uka