info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қордың қолдауымен металл қалпақтар шығаратын компания Орталық Азияда көш бастап тұр

Жаңалықтар
27.10.2020

Кронен тығын - астында нығыздағышы бар тәж пішінді металл қалпақшалар. Негізінен алкогольсіз және алкогольді сусын құтыларының аузын жабады. Қарапайым әрі үнемді. Бұл қалпақшаларды Алматыда «Ala Sintez» ЖШС шығарады. Компания өндірісті 2016 жылы іске қосып, қысқа мерзім ішінде осы салада Орталық Азиядағы өндірушілер арасында көшбасшыға айналды.

foto6.jpg

Өнімнің барлық сәйкестік сертификаттары түгел. Серіктестер қатарында The Coca-Cola Company, PepsiCo, Carlsberg, Heineken, AnadoluEfes және басқа да көптеген халықаралық компаниялар бар.

foto7.jpg

Жалпақ қаңылтыр Crabtree of Gateshead Ltd компаниясының заманауи жабдықтарында лакталып, басып шығарылады. Бұл - осы салада 50 жылдан астам тәжірибесі бар, өз жабдықтарын заманауи және инновациялық шешімдермен шығаратын компания. «ALA Sintez» ЖШС серіктестерінің арасында ірі консерві зауыттары мен лак-бояу өнімдерін өндірушілер бар. Олар үшін компания қаңылтырды лактау және жоғары сапалы басып шығару қызметтерін ұсынады. Ал кронен тығынды дайындау мен астына резеңке төсем жапсыру Sacmi Imola атты италия жабдығында жүзеге асырылады.

Фото руководителя.jpg

Технологияның сапасы мен сақталуын бақылауды өз зертханасы жүзеге асырады. Зертхана шикізаттың кіріс бақылауынан бастап дайын өнімге дейін – өндірістің барлық кезеңдерінде толассыз бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықтармен жабдықталған. Негізгі мамандар шетелдегі жабдық өндіретін зауыттарда тағылымдамадан өткен.

«2019 жылы компания алғаш рет «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауын пайдаланып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 6%-бен 349 млн теңге алды. Қаражат шикізат сатып алуға және жабдықтар сатып алуға жұмсалды. Биыл да бізге шикізат сатып алуға қаражат қажет болған кезде мемлекеттік бағдарламаға қатысуға қайтадан өтінім бердік. Бұл жолы да «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша 6%-бен қарыз алдық. Кепілдік жетпеген кезде «Даму» қоры 169,6 млн теңге кепілдік берді»,-дейді ұйым басшысы Юрий Дюпин.

Тәжірибелі мамандар мен заманауи технологияның арқасында «ALA Sintez» компаниясы тапсырысты мүлтіксіз орындайды. Бұл – елдегі осындай өнімнің импортын толық алмастыруға, сондай-ақ 50%-дан астамын таяу шет елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.

Байланыстар:

ҚР, Алматы қ., Бейсебаев к-сі, 153

Телефоны: +7(727)383 93 69

e-mail: info@alasintez.kz

Сайт: www.alasintez.kz