«Сапа КА» ЖК ұлттық киім тігумен 20 жылдан бері айналысып келеді. Әу баста Әбдірайымов Райымбек жұбайы екеуі өз ательесі мен дайын өнім сататын дүкен ашуды армандаған. Ол арманды келіні Аида Керімқұлова жүзеге асырды. Ол ұлттық нақыштағы киім-кешек пен қолданатын тауарлар, кәдесый өнімдері дүкенін ашты.
Істі жаңа бастаған кезде кәсіпкер өзі тұратын үйдің бір бөлмесінде отырып ұлттық киімге тапсырыс алып, тігетін. Оның қолынан шыққан дүниелер жас, кәрінің көңілінен шығып, сұраныс арта бастады. Кейіннен киім тігу цехын ашып, көмекші алды. Әшекейлер мен зергерлік бұйымдар жасауды да іске қосты. Дизайнері - келіні Аида.
«Сапа КА» ЖК тапсырыстардың ұлғаюына байланысты кесте тігу машинасын, сондай-ақ қосымша жабдық сатып алуға шешім қабылдады. Ол үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие алып, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.Тел. 8 705 714 6280, 8 708 156 9450
Қызылорда, Абай көшесі 64. 41-үй. «QOLONER» дүкені
инстаграмм: @qoloner_qazaqstan