Кеңес ал!
Мойылды көлінің табиғи емдік балшығы мен рапасының пайдалы қасиеттері ерте заманнан бері белгілі болған, ал ХХ ғасырдың басында су айдынының жағасында ақылы балшық емханасы ұйымдастырылды. Шипажайдың ресми құрылған жылы болып сауықтыру орны Павлодар қалалық денсаулық сақтау бөлімінің қарауына берілген 1922 жыл есептеледі. Шипажай қызметінің ең жоғары гүлденген кезеңі өткен ғасырдың 80-жылдарына тұрғанымен, 1990-жылдардың басынан бастап шипажай құлдырай бастады. 2003 жылға қарай шаруашылық сыни, жартылай қираған күйде болды: үш тұрғын корпус, қазандық, жазғы асхана және ескі балшық емханасы қирандыға айналған еді, инженерлік желілер бұзылған, ал шипажайдың сыйымдылығы 200 төсек-орыннан аспайтын.
2003-2005 жылдары негізгі күш-жігер көп жылдық кредиторлық берешекті өтеуге бағытталды. 2003 жылы демалушыларды қабылдау және табыс табу үшін қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның арқасында 2004 жылы 250 адамға дейін сыйымдылығы бар 6 қабатты корпусты ішінара қалпына келтіруге қол жеткізілді. Көптеген жылдар бойы шипажайдың басшылығы мен ұжымы демалушыларды емдеумен қатар, барлық инфрақұрылымды қалпына келтіру және төсек-орын санын арттыру бойынша қажырлы әрі жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Арада біраз уақыт өткен соң шипажайға ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қайтадан қаржы қаражаты қажет болды. Кәсіпкерлікті дамыту қаржы институты - «Даму» қорының мүмкіндіктері туралы біле отырып, шипажай басшылығы «Forte Bank» АҚ-мен бірлесіп, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында маңызды міндеттерді іске асырды. «Даму» қоры тарапынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігінің арқасында банк сыйақысының бір бөлігі мемлекет есебінен өтеліп, нәтижесінде кәсіпкер үшін несиенің түпкілікті мөлшерлемесі жылдық небәрі 6%-ды құрады.
Ұжымның қажырлы еңбегі мен тиімді мемлекеттік қолдауының арқасында бүгінгі таңда «Мойылды» санаторийі барлық өзекті стандарттарға сай келетін заманауи шипажай болып табылады. Сауықтыру орнында жалпы сыйымдылығы 609 төсек-орын болатын 4 ұйықтау корпусы жұмыс істейді. Толық қираудан гүлденуге дейінгі жолдан өткен шипажай өңірдің жетекші сауықтыру орны мәртебесін қайта қайтарды.
Мекенжайы: Павлодар қ, Мойылды а., Ұлы Дала көш., 1-үй
Телефон:8-708-976-98-05
Instagram: @moiyldyshipajaiy