Кеңес ал!

17.07.2026

«ЕРА және Айбек» ЖК білім беру саласында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Өзінің білім беру орталығын ашу идеясы кәсіпкердің білікті репетиторлар мен балалармен тіл табыса алатын мамандардың тапшылығына тап болуынан туындаған.

Кәсіп шағын ғана бір кабинеттен басталды. Онда топтық сабақтар өткізіліп, оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмек көрсетілді. Алғашқы кезеңдегі негізгі қиындықтар – жалдау ақысының жоғары болуы және кәсіби оқытушыларды табу еді.

Бүгінде білім беру орталығы шетел тілдерін оқыту және репетиторлық қызметтер көрсетеді. Жұмысын бастаған кезде орталықта небәрі екі қызметкер еңбек етсе, қазір ұжым сегіз адамға дейін өсті. Оқушылар саны айтарлықтай көбейді, жаңа оқу кабинеттері ашылды, табыс көлемі артты, ал білім беру қызметтерінің сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Алдағы жоспарлардың қатарында орталықты одан әрі дамыту, оқу кабинеттерін жаңғырту және Көкшетаудағы үздік білім беру орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайту бар.

Кәсіпкердің айтуынша, оның басты шабыт көзі әрқашан балалар болған және солай болып қала береді.

«Он жылдан астам уақыт бойы ауданы небәрі 20 шаршы метр болатын ғимаратты жалға алып жұмыс істедім. Бір күні оның өзімнің меншігіме айналатынын армандауға да қорқатынмын. "Даму" қорының қолдауының арқасында қаржыландыруға қол жеткізіп, бүгінде ауданы 200 шаршы метр болатын жеке ғимараттың иесі атандым. Енді сүйікті ісімді еркін дамытып, балаларымның болашағына сенімді түрде инвестиция жасай аламын».

Жаңадан кәсіп бастаған жандарға ол мынадай кеңес береді:

«Мақсатыңызға жету жолында алғашқы қадамды жасаудан қорықпаңыз. Мемлекеттік қолдау шараларын міндетті түрде пайдаланыңыз. Кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, бизнесті дамытуға және армандарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалары үшін "Даму" қорына алғысымды білдіремін».

Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 91, 9-кеңсе.

Тел.: +7 (701) 523-27-32