Кеңес ал!

20.07.2026

2026 жылғы 21 шілдеден бастап Қазақстанның 14 қаласында қаржы сарапшысы Дмитрий Казанцевтің қатысуымен Қаржылық сауаттылық марафоны өтеді. Аталған білім беру жобасы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға, жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға және саналы қаржылық шешімдер қабылдау мәдениетін дамытуға бағытталған.

Бүгінде қаржылық сауаттылық – әрбір азаматтың қаржылық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Жеке және отбасылық бюджетті тиімді жоспарлау, жинақ қалыптастыру, қаржылық тәуекелдерді бағалау, инвестициялық мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану және қаржы құралдарын сауатты таңдау – тұрақты қаржылық болашақтың негізі.

Марафон аясында қатысушылар жеке қаржыны тиімді басқарудың заманауи тәсілдерімен танысып, тәжірибелік білім мен пайдалы кеңестер алады. Бағдарламада күнделікті өмірде жиі кездесетін өзекті қаржылық мәселелер қамтылған.

Іс-шара барысында қатысушылар:

жеке және отбасылық бюджетті тиімді жоспарлау жолдарын;

жинақ қалыптастыруды неден бастау керектігін және қаржылық қауіпсіздік қорын құру тәсілдерін;

күрделі пайыздың жұмыс істеу қағидатын және оның ұзақ мерзімді жинақтарға әсерін;

депозиттердің, облигациялардың, акциялардың және өзге де қаржы құралдарының ерекшеліктерін;

қаржылық алаяқтықтың негізгі белгілерін анықтау және өз қаражатын қорғау тәсілдерін;

қарыз жүктемесін тиімді басқару және дұрыс қаржылық әдеттерді қалыптастыру жолдарын меңгереді.

Сонымен қатар іс-шара барысында нақты мысалдар мен өмірлік жағдайлар талданып, жеке қаржыны басқаруда жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары жан-жақты қарастырылады.

Марафон соңында қатысушылар үшін алған білімдерін бекіту мақсатында интерактивті викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталады.

Марафонға қатысу тегін.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09:30-да басталады.

Орын саны 200 қатысушымен шектелген, сондықтан алдын ала тіркелу міндетті.

Тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша өтінім қалдыру қажет:
https://forms.gle/F4SdsDfTKcDvSv3k7

Баршаңызды Қаржылық сауаттылық марафонына қатысуға шақырамыз! Бұл – қаржылық білімді жетілдіруге, жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға және сенімді қаржылық болашаққа қадам жасауға мүмкіндік беретін бірегей алаң.