Кеңес ал!

30.07.2026

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын барынша қолжетімді ету мақсатында «Мобильді фронт-офис» жобасын іске асыруда. Жоба аясында кәсіпкерлер мен өз ісін бастауды жоспарлаған азаматтар облыс орталығына бармай-ақ, өз елді мекенінде білікті мамандардың кеңесін алып, мемлекеттік қолдау құралдары туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады.

«Мобильді фронт-офис» жобасының негізгі мақсаты – өңірлердегі кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімділігін арттыру, шалғай елді мекендердегі бизнес өкілдеріне сапалы консультациялық қызмет көрсету және кәсіпкерлікті дамытуға қажетті ақпаратты жергілікті жерде ұсыну.

Мобильді фронт-офис жұмысы барысында қатысушылар:

  • «Даму» қорының қаржылық және қаржылық емес қолдау бағдарламалары туралы;
  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ұсынатын қолдау құралдары туралы;
  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының бағдарламалары туралы;
  • мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыру мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты кеңес ала алады.

Егер мобильді фронт-офистің сіздің елді мекеніңізге келгенін қаласаңыз, Online Damu порталындағы «Мобильді фронт-офистің шығуына өтінім» бөлімі арқылы өтінім бере аласыз.

Өтінім беру сілтемесі:
https://online.damu.kz/

«Даму» қоры кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктерін жақындату және еліміздің барлық өңірлерінде бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Келесі мобильді фронт-офистің бағыты сіздің өңіріңіз болуы әбден мүмкін!