Кеңес ал!
2026 жылғы қазанда TEKHNOVID GLOBAL компаниялар тобының агроөнеркәсіптік бағыты — «Добрый Продукт» — Қазақстандағы бір шатырдың астында орналасқан, еурожәшіктерде климаттық сақтау жүйесі бар алғашқы картоп қоймасын іске қосады. Мамандандырылған кешеннің аумағы 17 450 м², бір мезетте сақтау сыйымдылығы — 26 000 тонна.
Кешен бірыңғай монокешен форматында іске асырылады және тәулігіне картоп тиелген 80 фураға дейін қабылдай алады. Бұл оны Қазақстандағы өнім қабылдайтын ең ірі нысанға айналдырады.
Нысанның басты технологиялық ерекшелігі — микроклиматты автоматтандырылған бақылауы бар контейнерлік сақтау жүйесі. Бұл әр блоктың жеке желдетілуін қамтамасыз етіп, картоптың сапасы мен технологиялық қасиеттерін жоғалтпай, оны 10–12 айға дейін сақтауға мүмкіндік береді.
Кешен өңірдегі жаңа қайта өңдеу қуаттарын шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі инфрақұрылымдық буынға айналады. Атап айтқанда, Алатау қаласында орналасқан жаңа PepsiCo зауытына чипси өндіруге жарамды сорттардан алынған келісімшарттық картопты жыл бойы, яғни 365 күн үздіксіз әрі тұрақты жеткізу қажет.
2018 жылдан бері «Добрый Продукт» өңірдегі агроинфрақұрылымды дамытып келеді. Бүгінде компания жалпы сыйымдылығы 6 600 тонна болатын екі көкөніс қоймасын басқарады, әрқайсысының сыйымдылығы — 3 300 тонна. Компания Іле ауданында өзінің климаттық сақтау қуаттары бар жалғыз ОРЦ болып табылады. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін компанияның жалпы сақтау қуаты 32 600 тоннадан асады.
Құрылыс нысаны «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бірінші кепілдік қоры шеңберінде Қор Алматы облысының Іле ауданында көкөніс сақтау қоймасын салуға 2,9 млрд теңге сомасында кепілдік берді.
«Әлемдік деңгейдегі қайта өңдеу алыптарын салу агрологистикаға түбегейлі жаңа көзқарасты талап етеді. Чипси мен тіскебасарлар өндіру үшін механикалық зақымданбаған және қанттану белгілері жоқ, қажетті кондициядағы картоп қажет. Сондықтан біз елімізде 26 000 тоннаға арналған, еурожәшіктерде климаттық сақтау жүйесі бар алғашқы монокешенді жобаладық.
Озық климаттық жүйелер өнімді барынша ұқыпты сақтауға, шығындарды болдырмауға және шикізаттың қажетті параметрлерін жыл бойы сақтауға мүмкіндік береді. Біз қазақстандық фермерлерді тамақ өнеркәсібінің жаһандық көшбасшыларымен байланыстыратын сенімді технологиялық платформа құрып жатырмыз», — деді TEKHNOVID GLOBAL компаниялар тобының негізін қалаушы Сергей Хрущёв.
Жоба Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп іске асырылуда. Кешен базасында өңір үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының стратегиялық қоры қалыптастырылады. Бұл қазақстандық фермерлердің өнімін сақтауға кепілдік беруге, қайта өңдеушілердің сапалы шикізатқа деген қажеттілігін жыл бойы қамтамасыз етуге, сондай-ақ Алматы агломерациясының азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.