Кеңес ал!
2025 жылы Солтүстік Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын – «Солтүстік Құбыр Зауыт» ЖШС өз жұмысын бастады. Компанияның негізгі мақсаты – құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту және өңірді құрылыс пен коммуналдық инфрақұрылым салаларына қажетті сапалы өніммен қамтамасыз ету.
Жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге қомақты қаржыландыру қажет болды. «Іскер аймақ» бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында компания жылдық 22% мөлшерлемемен кредит алды. «Даму» қорының қолдауымен кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8,8 пайыздық тармаққа субсидияланды. Сонымен қатар, Қордың «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында кепілдік беріліп, қажетті қаржыландыру көлемін тартуға мүмкіндік жасалды.
Бүгінде «Солтүстік Құбыр Зауыт» – құрылыс және коммуналдық салаларға арналған өнім өндіруге бағытталған заманауи көпсалалы өндіріс орны.
Кәсіпорынның негізгі бағыты – сумен жабдықтау және газ құбырларына арналған ПЭ-100 полиэтилен құбырларын өндіру. Алты өндірістік желі диаметрі 20-дан 1200 мм-ге дейінгі құбырларды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттың жылдық өндірістік қуаты шамамен 32 мың тоннаны құрайды.
Сонымен қатар кәсіпорын пенополиуретанды жылу оқшаулағышы бар болат құбырлар, полиэтилен қабықшасындағы құбырлар, полиэтиленнен жасалған спиральді-орамды ауа өткізгіштер, металл жабынқыш, профнастил және металл сэндвич-панельдер шығарады.
Өнім түрлерінің кең ассортименті кәсіпорынға бірнеше бағытта жұмыс істеуге және құрылыс нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосымша өндірістік бағыттардың жалпы қуаты жылына шамамен 60 мың метр құбыр өнімін және 70 мың шаршы метр металл өнімін құрайды.
Кәсіпорынның өнімдеріне Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарындағы кәсіпорындар тарапынан сұраныс бар. Өнімдер құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар аясында қолданылады.
«Солтүстік Құбыр Зауыт» кәсіпорнының тарихы – кәсіпкерлік бастама, өндіріске салынған инвестициялар мен мемлекеттік қолдау құралдарының бір жоба аясында тоғысуының нақты үлгісі.
Қысқа уақыт ішінде компания жаңа өндірісті іске қосып, отандық өнім шығаруға және өңірлік нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ірі өндіріс орнын қалыптастырды.
Осындай жобалар жаңа өндірістік мүмкіндіктер қалыптастырып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, импортты алмастыруға және отандық кәсіпкерлікті дамытуға елеулі үлес қосады.
Байланыс ақпараты:
Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 264-ғимарат
+7 (775) 137 07 09