Кеңес ал!
1973 жылы дүниеге келген Ермек Икласов еңбек жолын автожол саласында бастап, бірнеше жыл осы бағытта қызмет атқарды. 2000 жылдардың басында Алматы қаласына қоныс аударғаннан кейін жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, өз ісін бастады.
2010 жылы Golden Maken компаниясының негізін қалап, Алматы қаласында жалға алынған ғимаратта жұмысын бастады. Алғашқы кезеңде кәсіпорын жұмсақ жиһаз өндірді. Шағын ұжымнан басталған іс біртіндеп кеңейіп, өндірістік мүмкіндіктері артты.
«Базарда сауда жасап көрдім. Бірақ өз өндірісің болған кездегідей алға жылжу болмайды», — дейді кәсіпкер.
Кәсіпкерлік жолындағы маңызды кезеңдердің бірі — 2008 жылы Шамалған ауылынан 1 гектар жер телімін сатып алуы. Кейін бұл аумақ компанияның өндірістік базасын дамытуға негіз болды.
2014 жылы кәсіпкер алғаш рет Алматы облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына ие болып, қаржыны өндірістік нысан салуға және бизнесті кеңейтуге бағыттады.
2016 жылы «Даму» қорының жеңілдетілген несиесі арқылы екінші рет қолдау алып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік алды.
2025 жылы өндірістегі бірқатар құрал-жабдықтардың ескіруіне байланысты кәсіпорын өндірісті жаңғырту үшін қайтадан мемлекеттік қолдауға жүгінді. Алматы облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында компания 12,6 пайыздық мөлшерлемемен Bereke банк арқылы үшінші рет қаржылай қолдауға ие болды.
Ермек Каримбайұлының айтуынша, «Даму» бағдарламасының басты артықшылықтарының бірі — кәсіпкерлерге тиімді шарттармен және төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржылануға мүмкіндік беруі.
Бүгінде Golden Maken — жиһаз өндірісінің толық циклін жолға қойған кәсіпорындардың бірі. Мұнда жиһаздың әртүрлі түрлері өндіріліп, тұтынушылардың сұранысына сәйкес жеке тапсырыстар да қабылданады. Кәсіпорында 25 адам еңбек етеді, ал өндірістік базаның жалпы аумағы 4 000 шаршы метрді құрайды.
Компания есік, баспалдақ, үстел, орындық, асүй жиһазы, жатын бөлме жиһазы, балаларға арналған сырғанақ, кіреберіс жиһазы және басқа да өнім түрлерін шығарады. Сонымен қатар жеке тапсырыстар бойынша тұтынушының талаптары мен өлшемдеріне сәйкес жиһаз әзірлейді.
Кәсіпорын өнім сапасына ерекше мән береді. Өндірісте табиғи ағаш, соның ішінде қарағаш, сондай-ақ ЛДСП, МДФ және акрил секілді материалдар пайдаланылады. Компанияның өндірістік мүмкіндігі ірі көлемдегі тапсырыстарды орындауға және дайын өнімнің сапасын өндірістің барлық кезеңінде бақылауға мүмкіндік береді.
Golden Maken өндірістік қызметін растайтын СТ-KZ индустриялық сертификатына ие. Сонымен қатар компания Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне (КТП) енгізілген. Бұл кәсіпорынның Қазақстан аумағында өнім өндіретін отандық тауар өндіруші ретіндегі мәртебесін көрсетеді.
Компания өнімдерін Қазақстанның ірі қалаларымен қатар, ТМД елдеріне де экспорттайды. Golden Maken-нің Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен, сондай-ақ Германиямен іскерлік байланыстары қалыптасқан.
Алматы қаласындағы «Армада» сауда үйінен де Golden Maken өнімдерін табуға болады.
Кәсіпорын жеке тапсырыстармен қатар ірі көлемдегі тапсырыстарды орындауға да қауқарлы. Өндірістің толық циклі өнім сапасын бақылауға және тапсырыстарды белгіленген талаптарға сәйкес орындауға мүмкіндік береді.
Компания өндірістік қызметпен қатар қайырымдылық бағытындағы бастамаларға да тұрақты түрде қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді.
Ермек Икласовтың айтуынша, кәсіпкерлік жолдағы басты қағида — адал еңбек, табандылық және шығындарды тиімді басқару.
«Ең бастысы — адал еңбек ету керек. Тынбай еңбектенген кезде ғана нәтиже болады. Бұл іспен айналысып келе жатқаныма 16 жыл болды, ал жеке өндірісімді ашқаныма 10 жылдан асты. Инфляцияға қарамай, өз ісіңді дамытуға ұмтылу керек», — дейді кәсіпкер.
Жаңадан кәсіп бастап жатқан азаматтарға Ермек Икласов өндірістегі өзіндік құнды дұрыс есептеп, шығындарды тиімді басқаруға кеңес береді. Оның пікірінше, өнімнің өзіндік құнын бақылау — нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті сақтаудың маңызды факторларының бірі.
Бір кездері Алматыдағы жалдамалы ғимаратта басталған кәсіп бүгінде 4 000 шаршы метрлік өндірістік базаға, 25 қызметкерге, СТ-KZ индустриялық сертификатына, КТП тізіліміндегі мәртебеге және ТМД нарығына шыққан өндірістік компанияға айналды.
Golden Maken — 16 жылдық тәжірибеге, өндірістік қуатқа және тұрақты дамуға негізделген қазақстандық жиһаз өндіруші компания.
ЖК «Golden Maken»
Мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы
Тел.: +7 702 149 2859
E-mail: goldenmaken@bk.ru
Instagram: mebel_golden_maken