«Бизнеспен айналысу өте қызықты, ал армандаған ісіңмен айналысу тіпті ғанибет», – дейді «Адиль Текстиль» ЖШС басшысы Әсел Әділ.
«Біз компанияны Индира әпкеммен бірге 10 жыл бұрын құрдық. Шетелде оқып жүрген кезімде заманауи стильде ұлттық ою-өрнегіміз бар аксессуарлар киюді армандайтынмын. Елге оралған кезде, біз өз арманымызға алғашқы қадам жасадық, ADILI брендін құрдық және Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген бірегей бұйымдар өндіріп, сататын фирма аштық. Бүгінде ADILI брендінің өнімдері Қазақстаннан тыс жерлерде танымал», - дейді Әсел Әділ.
«Бір күндері біз өз өндірісімізді ашамыз деп шештік. Бұл – бізге отандық өнім жасау кезінде шығармашылық шабыт пен еркіндік берді. Тек қазақстандық өндірушілердің матасын қолданамыз. Өнімдер коллекция түрінде де шығарылады. Мұның бәрін біз жалғыз істемейміз. Еңбекқор әрі тату ұжым бар», - дейді Индира Әділ.
Цифрлы баспа желісін сатып алу және айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Адили Текстиль» ЖШС «Сбербанк» ЕБ АҚ арқылы 14%-бен несие рәсімдеді. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2020» аясында 11%-ын субсидиялап, нәтижесінде кәсіпкер төлейтін сыйақы мөлшерлемесі 4%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ Қордың кепілдігін де пайдаланды.
Қазір Компания түрлі текстиль бұйымдар шығарады. ADILI брендінің өнімдері - қазіргі заман сәні мен көне дәстүр симбиозы. Олардың ішінде үйге қажетті тауарлар - төсек-орын жиынтықтары, көрпе, дастархан, майлықтар, пуфтар, шілтерлі шамдалдар; әйелдерге арналған стильді, ұлттық ою-өрнегі бар жібек мойынорағыш, орамал, сөмкелер, қолшатырлар, ерлерге арналған стильді галстуктар, жаңа туған нәрестелерге арналған жиынтығы мен тағы басқалар бар.
+7 708 971 97 78
e-mail: adili.kazakhstan@gmail.com
Сайт: https://shopadili.com/
Facebook: adili.kz
Instagram: adili.kz
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 98