menu
Жабу

Өндірісті дамыту мен жаңғырту – «Даму» қорының басым бағыты

Жаңалықтар
05.11.2020

Мұнай-газ кешені мен өнеркәсіптің басқа да салаларының дамуына байланысты Атырау облысында электр жабдықтарын жөндеу жұмыстарына сұраныс артып отыр.

«ALSHIN-WEST» ЖШС 2017 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысы кәсіпорындарының 0,8 кВт қуаты бар электр жабдықтарын (электр қозғалтқыштары, трансформаторлар, генераторлар, электр сорғылары) жөндеп, қызмет көрсетіп келеді.

Қазіргі уақытта компания ангарлап салып, құрал-жабдықтар сатып алу арқылы бизнесін кеңейтуге шешім қабылдады. Ол жоспарын жүзеге асыру үшін «Даму» қорына жүгініп, Қордан екінші деңгейлі банктерге дейінгі қолдау алды.

«ALSHIN-WEST» компаниясының жабдық сатып алу жөніндегі өтінімін қарастырған «СберБанк» АҚ ЕБ Атырау филиалы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 14,0%-бен несие мақұлдады. Оның 8,0%-ын мемлекет субсидиялады, қалған 6%-ды компания өтейді. Айналым қаражатын толтыру үшін несие сомасының 25%-ына, инвестицияға 31%-ына кепілдікті Қор ұсынды.

«Біздің кәсіпорын тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, заманауи технологияларды пайдалану, жұмысты уақытында істеп беру және барлық қауіпсіздік стандарттарын міндетті түрде сақтауға басымдық береді. Мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау болғанын атап өткім келеді»,-деді кәсіпорын басшысы Оразкелді Қартбаев.

Атырау қаласы

Құрсай ауылы, № 1 көше 6-А ғимарат

байланыс телефоны 8778 664 6212

www.alshin-west.kz.

Info @ alshin-west.kz