Кеңес ал!

21.08.2026

Отандық кәсіпкерлікті дамыту - өңірдің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі. Бүгінде жергілікті өндірушілер мен құрылыс компаниялары заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға елеулі үлес қосып, нарықты сапалы тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етіп келеді.

Жергілікті бизнестің табысты дамуының жарқын мысалдарының бірі - 2015 жылы құрылған «Асылстрой» жеке кәсіпкерлігі. Компанияның негізгі қызмет бағыты - шатыр мен қасбетке арналған металл құрылыс материалдарын өндіру және жеткізу.

Компания басшысы Айгерім Исетова өз кәсібінің қалыптасу тарихына тоқталып: «Декреттік демалысқа шыққанға дейін банк саласында жұмыс істедім. Кейін отбасымызбен бірге өз кәсібімізді ашу туралы шешім қабылдадық. Осылайша «Асылстройдың» тарихы басталды. Бастапқы кезеңде компанияда небәрі төрт қызметкер жұмыс істеді, Кәсібімізді біртіндеп кеңейте бастадық: өнімдерді жеткізу үшін жүк көліктерін сатып алдық, Қытай және Ресей компанияларымен ынтымақтастық орнаттық. Сонымен қатар жазық металдан шатыр және қасбет материалдарын өз өндірісімізде шығару үшін қажетті жабдықтарды сатып алдық».

Бүгінде компанияның жалпы ауданы 520 шаршы метр болатын дайын өнім қоймасы және ауданы 1000 шаршы метр өндірістік цехы бар. Өндірісте 10 станок орнатылған. Олар металлчерепица, профнастил және сайдинг сияқты өнімдерді үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 450 тоннадан астам өнімді құрайды. Ал дайын өнім ассортименті тұтынушыларға 700 мың шаршы метрге дейін құрылыс материалдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында қосымша 11 жұмыс орны құрылды.

Компанияның негізгі өнім түрлеріне «Каскад» металлочерепицасы, профнастил, сызықтық панельдер, евроштакетник, су ағар жүйелері, сайдинг, шатыр және қасбетке арналған қосалқы бөлшектер, сондай-ақ компанияның өз өндірісінде жасалатын жазық металдан жасалған бұйымдар жатады.

«Асылстрой» жеке кәсіпкерлігі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысты. Бизнесті одан әрі кеңейту мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на жүгініп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен қаржыландыруға ие болды. «Даму» қоры «Кепілдік Коры-1» бағдарламасы аясында несиеге кепілдік берді.

Қазіргі уақытта «Асылстрой» ЖК өндіріс үдерісіне жаңа технологияларды енгізіп, өнім ассортиментін кеңейтуді жалғастыруда. Компания Атырау облысының жетекші кәсіпорындарымен жаңа келісімшарттар жасасып, іскерлік байланыстарын нығайтып, клиенттік базасын тұрақты түрде кеңейтіп келеді.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Балауса шағын ауданы,

ул.Бекет-ата,137

телефон:+77751234003

E-mail: asilstroy_2015@mail.ru

Instagram: @asylstroi.kz