Кеңес ал!
TROYA компаниясының тарихы - бұл терең идеяның, айқын пайым мен жүйелі тәсілдің шағын жергілікті өндірісті ұлттық деңгейдегі сала көшбасшыларының біріне қалай айналдыра алатынының жарқын үлгісі. Бәрі 2011 жылы корпустық жиһаз өндіретін шағын цехтың ашылуынан басталды. Дегенмен, компанияның негізін қалаушы Рафаиль Бразинский бұл бизнестің мәні жай ғана үстелдер мен шкафтарды жасауда емес, мұқият жобаланған кеңістіктің адамдарға, олардың өнімділігіне, денсаулығы мен мотивациясына күнделікті қалай әсер ететінінде екенін тез түсінді.
Жұмыс жылдарында TROYA алғашқы қарапайым жобалардан бастап бүкіл Қазақстан бойынша ірі оқу орындары мен офис кеңістіктерін кешенді жабдықтауға дейінгі ауқымды жолды өтті. Компанияның сапалық әрі технологиялық өсуі оның дамуының әрбір кезеңінен көрінді. Нарықта өзін сәтті орнықтырған TROYA 2013 жылдың өзінде шығарылатын өнім сұрыпталымын үш есеге кеңейтті. Маңызды стратегиялық бетбұрыс 2016 жылы орын алды, ол кезде жаңа автоматтандырылған желілердің іске қосылуы сериялық өндіріске өтуге және елдің барлық өңірлеріне үздіксіз жеткізілімдерді жолға қоюға мүмкіндік берді.
Келесі маңызды белес 2019 жыл болды. Осы жылы компания оқу процесін жайлырақ әрі тиімдірек етуге бағытталған мектеп жиһазының бірегей авторлық үлгілерін әзірлеп, өндіріске енгізді.
Осы өршіл міндеттерді іске асыру үшін өндірістік қуатты кеңейту талап етілді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Даму» қорымен және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірлесе отырып, компания «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін төмендетілген жеңілдетілген қаржыландыруға ие болды.
Бүгінде TROYA жай ғана сенімді әрі әдемі жиһаз өндіріп қоймай, ойластырылған, эргономикалық кеңістіктерді әзірлеуші ретінде де танымал. Ұжым үшін бұл әрдайым жай бизнестен артық нәрсе болды: ынта-жігерді, жүйелілікті және егжей-тегжейге назар аударуды сақтай отырып, TROYA табысты командалар дамитын, білім калыптасатын және Қазақстанның болашағы шыңдалатын ортаны құруға өз үлесін қосуда.
Мекенжайы: Павлодар қ, Циолковского көш., 98-үй
Телефон: 8-708-465-50-56
Instagram: @@troya_kz