Кеңес ал!
Атырау облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан индустриялық өңірлерінің бірі болып саналады. Мұнда мұнай-газ секторымен қатар азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс салалары да белсенді дамып, заманауи құрылыс материалдары мен технологияларына сұраныс артып келеді.
Заманауи сәулеттік шешімдерде шыныпакеттер ғимараттардың ажырамас элементіне айналды. Олар тиімді жылу және дыбыс оқшаулауын, энергия тиімділігін және құрылымдардың ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.
Өңірде осы бағытты дамытып отырған кәсіпорындардың бірі - сапалы шыныпакеттер өндіруге, сондай-ақ табақ шыныны қалыптау және өңдеуге маманданған «QazGlassGroup» ЖШС. Компания жұмыс істеген жылдар ішінде Атырау облысының құрылыс нарығында өз орнын қалыптастырып, жергілікті құрылыс нысандарының қажеттіліктерін ескере отырып, өнімді жедел дайындау мен жеткізуді қамтамасыз етіп келеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 5 000 шаршы метрге дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания техникалық талаптар мен тапсырыс берушілердің қалауын ескере отырып, әртүрлі күрделіліктегі сериялық және жеке тапсырыстарды орындайды.
Табақ шыныны қалыптау және өңдеу заманауи мамандандырылған жабдықтарда жүзеге асырылады. Оларды пайдалану қол еңбегінің көлемін барынша азайтуға, өндірістік ақаулар мен ішкі кемшіліктердің, соның ішінде көпіршіктер мен микрожарықтардың пайда болу ықтималдығын төмендетуге, сондай-ақ әрбір бұйымның геометриялық дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның 10 білікті маманнан тұратын ұжымы жұмыс істеген жылдар ішінде мол кәсіби тәжірибе жинақтап, сапа мен тапсырыстарды орындау мерзімдерін сақтауға бағдарланған жауапты өндіруші ретінде бедел қалыптастырды.
Компания шығаратын шыныпакеттер беріктігімен және ұзақ мерзімділігімен, сондай-ақ жоғары жылу және дыбыс оқшаулау сипаттамаларымен ерекшеленеді. Оларды пайдалану ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға және үй-жайларда жайлы микроклимат қалыптастыруға ықпал етеді.
Сапалы шикізат пен заманауи өндірістік жабдықтарды пайдалану сенімділікке, қауіпсіздікке және эстетикалық сипаттамаларға қойылатын жоғары талаптарға сай келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Шыныпакеттердің жергілікті өндірісін дамыту өңірдің құрылыс саласы үшін де маңызды. Жергілікті өндірушінің болуы басқа өңірлерден жеткізілімге тәуелділікті азайтып, логистикалық шығындарды төмендетуге және құрылыс нысандарын қажетті өніммен қысқа мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«QazGlassGroup» ЖШС басшысы Ибрахим Жасымбековтың айтуынша компания ірі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға да қатысып келеді.«Мемлекет басшысының Қазақстандағы мектеп инфрақұрылымын реконструкциялау және дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында біздің компания Атырау қаласындағы нысандардың құрылысы мен оларды қажетті өніммен қамтамасыз ету жұмыстарына қатысты. Атап айтқанда, тоғыз мектеп пайдалануға берілді».
Қызмет аясын одан әрі кеңейту және айналым капиталын ұлғайту мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қаржыландыру тартты. Кәсіпорынға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры да қолдау көрсетіп, «ГФ-1 шеңберіндегі кепілдік беру» бағдарламасы аясында несиеге кепілдік ұсынды.
Алынған қаржылық және мемлекеттік қолдау кәсіпорынды дамытуға, өндіріс пен жеткізу көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ компанияның өңірдегі ірі құрылыс және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға одан әрі қатысуына қосымша мүмкіндіктер береді.
Мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Атамбаев көшесі, 29/1
Байланыс телефоны: +7 701 832 07 07