Кеңес ал!
MedinaFood бренді үй тағамдарын дайындауға деген сүйіспеншіліктен және сүйікті ісін жеке кәсіпке айналдыруға деген ұмтылыстан бастау алды.2020 жылы Сымбат Бауыржанқызы бала көмекшісімен бірге үй жағдайында тағам дайындай бастады. Ол әрдайым ас әзірлеуге қызығушылық танытып, дәмді тағамдар дайындау шеберлігімен жақындары мен құрбыларына танымал болды.Алғашқы клиенттері де сол құрбылары болды. Олар үй жағдайында дайындалған мұздатылған мәнті, тұшпара, бауыр торты және басқа да жартылай фабрикаттарға тапсырыс бере бастады.
Біртіндеп тапсырыс саны артып, тұрақты клиенттер қатары кеңейді. Бұл ретте ең тиімді жарнама құралы — ризашылығын білдірген клиенттердің ұсыныстары болды. Тұтынушылар саны көбейген сайын өндіріс көлемі де артты.
«Бастапқыда менің шағын ғана үй асханам және сүйікті ісіммен айналысуға деген үлкен ықыласым болды. Құрбыларыма жасаған алғашқы тапсырыстарымның уақыт өте келе нағыз кәсіпке айналатынын ойлаған да жоқпын. Ең бастысы — істі шағын қадамнан бастауға қорықпау, өз ісіңді жақсы көру және өнімнің сапасына әрдайым жауапкершілікпен қарау».
— «Иманали» ЖК басшысы, Бахытжанова Сымбат Бауыржанқызы
Көп ұзамай үй жағдайындағы асхана өндірістің артып келе жатқан көлеміне сәйкес келмей қалды. Бір айдан кейін кәсіпкер жеке пәтер жалдап, онда жартылай фабрикаттарды дайындау және қамыр жаю жұмыстарын ұйымдастырды.Алайда кәсіп одан әрі дами берді.Бір жылдан кейін Сымбат Бауыржанқызы жеке ғимарат жалдап, өндірісін кеңейтті. Сол кезде оның командасында үш аспаз жұмыс істеді.Осылайша үй жағдайында басталған шағын іс біртіндеп толыққанды кәсіпке айналды.Кәсіпті дамыту барысында кездескен негізгі қиындықтардың бірі — тұрақты қызметкерлерді табу болды. Соған қарамастан, кәсіпкер бизнесті дамытуды жалғастырып, өндірістік процестерді жетілдіруге және MedinaFood мүмкіндіктерін кеңейтуге баса мән берді.
Бүгінде жартылай фабрикаттар нарығында бәсекелестік жоғары. Мұндай жағдайда тұтынушыны тартумен қатар, оның сеніміне ие болу да аса маңызды.MedinaFood үшін басты бәсекелестік артықшылық — өнімнің сапасы.
«Нарықта өз орныңды сақтап қалу үшін сапалы өнім өндіру қажет. Біз үшін клиенттің өнімімізді бір рет сатып алып қана қоймай, қайта оралуы және біздің өнімдерімізді жақындарына ұсынуы маңызды».
Клиенттердің сенімі мен өнім сапасына деген тұрақты назар MedinaFood брендіне нарықтағы орнын нығайтып, әрі қарай дамуға мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінде MedinaFood брендінің артында көп жылғы еңбек, тәжірибе және үнемі даму ұмтылысы тұр.Сымбат Бауыржанқызының кәсіби жолы шағын үй асханасынан, құрбыларының алғашқы тапсырыстарынан және бірнеше түрлі жартылай фабрикаттан басталды. Еңбекқорлық, клиенттердің сенімі және өз ісіне деген сенімнің арқасында кәсіп біртіндеп өсіп, жаңа даму мүмкіндіктеріне ие болды.MedinaFood тарихы — табысты кәсіптің қарапайым қызығушылықтан басталуы мүмкін екенінің жарқын мысалы.2024 жылы «Иманали» ЖК «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен 25 млн теңге көлемінде кредит алды.
Қаржыландырылған қаражат кәсіпті одан әрі дамытуға бағытталды:
15 млн теңге — үй-жайды сатып алуға;
10 млн теңге — жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалды.
Қаржылық қолдау өндірістік жағдайларды жақсартуға, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайтуға және бизнесті одан әрі дамытуға қажетті негіз қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Кәсіпкер үшін «Даму» қорының қолдауы шағын үй өндірісінен тұрақты әрі ауқымды кәсіпке қарай жасалған маңызды қадамдардың біріне айналды.
Ең бастысы — өз ісіңді жақсы көру, алғашқы қадамды жасаудан қорықпау және күн сайын өнім сапасын арттыруға ұмтылу.
Мекенжайы: Астана қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 6
Байланыс телефоны: +7 707 527 22 17
Instagram: @medinafood_astana