Кеңес ал!

28.09.2026

«Моя ферма» ЖШС-нің тарихы — кәсіпкердің табандылығы мен бизнесті сауатты дамытуының арқасында шағын отбасылық өндірістің заманауи сүт өңдеу кәсіпорнына айналғанының жарқын үлгісі.Компанияның негізін қалаушы Қуаныш Найман кәсібін шағын цехтан бастап, тәулігіне небәрі 50–100 литр сүт өңдеді. Біртіндеп өндіріс көлемі артты. Пандемия кезеңінде кәсіпорын Астана қаласының сауда нүктелеріне өнім жеткізуді жолға қойып, сүт өңдеу көлемін тәулігіне бір тоннаға дейін ұлғайтты.Кәсіпорынның өндірістік қуаты одан әрі өсуге мүмкіндік бермей бастаған кезде, кәсіпкер бизнесті кеңейтіп, жеке логистикалық мүмкіндіктерін нығайтуды қолға алды.

Бұл ретте «Даму» қорының қолдауы маңызды рөл атқарды. «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қаржыландыру аясында компанияға Қор кепілдігі беріліп, соның арқасында «Моя ферма» ЖШС жүк көліктерін сатып алды. Бұл кәсіпорынның логистикалық мүмкіндіктерін күшейтіп, бизнестің әрі қарай дамуына жағдай жасады.

Бүгінде «Моя ферма» ауысымына шамамен үш тонна шикі сүт өңдеп, сүт, айран, қаймақ, йогурт, сүзбе, құрт, сары май және қорытылған май сияқты 15-ке жуық өнім түрін шығарады.Қуаныш Найман үшін бизнес ең алдымен отбасылық іс болып қала береді. Кәсіпорын жұмысына жақын туыстары да атсалысады. Компанияның басты басымдықтары — өнім сапасы, тұтынушылардың сенімі және отандық өндірісті дамыту.

«Ең бастысы — істі кішкентайдан бастауға қорықпау және үнемі алға ұмтылу».

Компания алдағы уақытта өндіріс көлемін одан әрі арттырып, өнім түрлерін кеңейтуді және сүт өнімдері нарығындағы позициясын нығайтуды жоспарлап отыр.

«Моя ферма» — кішкентайдан бастап, бірге өсеміз!


Мекенжайы: Ақмола облысы, Қызылсуат ауылдық округі, Қызылсуат ауылы, «Нұрлы» тұтыну кооперативі, 11-көше, 24-үй

Тел.: +7 775 899 10 03

Instagram: moyaferma.kz