Кеңес ал!
Амангелдіқызы Рашида үшін кәсіп — тек жұмыс емес, адамдарға жайлылық сыйлау мүмкіндігі. Бүгінде ол «Алматы» кафесін, «Алтын Арман» демалыс базасын және «SvetAqtai» мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісін дамытып келеді.Мектептен кейін Рашида екі жыл балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеді, кейін екі жоғары білім алды. «ҚазМұнайГаз Сервис» ҰК» АҚ-да демалысты ұйымдастырумен айналысып, 2002–2006 жылдары балалар лагерін басқарды. Бұл тәжірибе оның демалыс және қонақжайлылық саласындағы болашақ кәсібінің негізіне айналды.
Рашиданың өмірінде жұбайы Үсен маңызды рөл атқарды. Ол Рашидаға әрдайым сенім артып, оның идеяларын қолдап, күшіне сенді. Оның қолдауы Рашидаға батыл шешім қабылдап, алға ұмтылуға жігер берді. Жақын адамның қолдауы кәсіпкер үшін идеядан өз ісін бастауға дейінгі жолдағы маңызды тірекке айналды.2008 жылы Рашида жеке кәсіпкерлігін ашып, «Алматы» кафесінен бастап қоғамдық тамақтану саласын дамыта бастады. 2011 жылы «Алтын Арман» демалыс базасын іске қосты. Уақыт өте келе кәсіпкер тұтынушылардың жаңа қажеттілігін байқады — дәмді үй тағамынан бас тартпай, уақытты үнемдеу. Осылайша мұздатылған жартылай фабрикаттар өндірісін ашу идеясы пайда болды.
2024 жылы «Радость» ЖК «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдау құралдарын — сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және қарызға кепілдік беру тетіктерін пайдаланып, қаржыландыру алды. Қаражат жаңа «SvetAqtai» аспаздығына арналған ғимарат пен жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарына бағытталды.
Рашида үшін «Даму» қолдауы идеясын нақты өндіріске айналдыруға мүмкіндік берді.«Даму» қоры мен үшін арман мен оның жүзеге асуы арасындағы көпір. Бұл — жалғыз өзің кіру қиын болатын есіктерді ашқан кілт», — дейді ол.«SvetAqtai» өз жолын енді бастап келеді. Рашида өнім түрлерін қалыптастырып, тұрақты тұтынушыларын тауып, өндірісті дамытып жатыр. Алдағы жоспарында өндіріс көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жеке брендін нығайту және сату географиясын кеңейту бар.Кәсіпкер үшін ең басты нәтиже — арманының нақты ғимаратқа, жабдыққа және командаға айналуы.
«Бастауға қорықпаңыздар және берілмеңіздер. Өзіңізге сеніп, мүмкіндіктерді пайдалана білсеңіз, армандар орындалады»,— деп кеңес береді Рашида.
Телефон: +7 705 102 25 99
Мекенжайы: Көкшетау қ., М. Әуезов көшесі, 189Е, 6А н.п.
E-mail: Krasnaia_118@mail.ru