Кеңес ал!

05.10.2026

ПВД.КЗ компаниясы Қазақстанда полиэтилен қаптамасы мен өнеркәсіптік қаптама өндірісін дамытып келеді. Негізгі бағыты - B2B сегменті және тапсырыс берушінің нақты өніміне, жабдығына және технологиялық процесіне бейімделеді. Компанияның ассортиментіне ПВД және ПНД пленкасы, Stretch Hood, FFS пленкасы, стрейч және термоқаптамалар, пакеттер, жапсырмалар, сигналдық таспа, геосинтетикалық материалдар және т.б. өнімдер кіреді.Кәсіпорын тарихы 1998 жылдан бастау алады. Компания Қазақстанда термоқаптама өндірісін алғашқылардың бірі болып игерді. Осы жылдар ішінде ПВД.КЗ тамақ өнеркәсібі мен сусындар нарығындағы ірі кәсіпорындармен, соның ішінде, Coca-Cola, RG Brands, Galanz Bottlers және басқа компаниялармен жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастырды.

2020 жылы компанияны Ануар Айтмағамбетов иеленді. Оның айтуынша, өндірісті сақтап қана қоймай, оны нарықтағы өзгерістерге бейімдеп, өнеркәсіптегі өнімді жаңарту қажет еді. Сол кездері импорттық өнім тарапынан болған бәсекелестік компанияның дамуына біршама үлес қосты. Отандық нарықта Ресей мен Ираннан жеткізілетін қаптамалардың бағасы әлдеқайда қолжетімді болғандықтан, ПВД.КЗ өнеркәсібі тек термоқаптама шығарумен шектелмей, өнім түрлерін кеңейтуді қолға алды.Сонымен қатар компания жабдықтарды жаңартып, есеп жүргізу жүйесін жетілдіруге және өндірісті басқарудың жүйелі тәсілін қалыптастыруға кірісті. Нәтижесінде ПВД.КЗ техникалық сипаттамалары, жеке параметрлері және тапсырыс берушінің өндірістік желілеріне бейімдеу мүмкіндігі маңызды болып табылатын күрделі полиэтилен қаптамалары мен әртүрлі форматтағы өнімдерді шығара бастады.

Бүгінде компания B2B сегментінде жұмыс істейді. Қаптаманы әзірлеу кезінде оның беріктігі, иілгіштігі, шөгуі, дәнекерлену қасиеті, тесіліп кетуге және сырғуға төзімділігі ескеріледі. Өндірісті бастамас бұрын дайын өнімнің үлгісі тапсырыс берушімен келісіліп, бекітіледі.Бұл тәсіл қаптаманы бір ғана стандарт бойынша емес, тапсырыс берушінің өніміне, жабдығына және өндірістік процесіне қойылатын нақты талаптарды ескере отырып тапсырыс берушінің талаптарына сай өндіруге мүмкіндік береді.Компания өнімдері тамақ өнеркәсібі мен сусындар өндірісінде, құрылыста, мұнай-газ саласында, ауыл шаруашылығында, металлургияда, тау-кен өнеркәсібінде және телекоммуникация саласында кеңінен қолданылады.

Өнеркәсіп үшін өндірістік жабдықтарды жаңарту - компанияның дамуына айтарлықтай өз үлесін қосты. Инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін компания Алматы облысы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы Нұрбанк АҚ еншілес ұйымының «Нурлизинг» лизингтік компаниясынан қолдау алды.

Ануар Айтмағамбетовтың айтуынша, бұл механизм лизингтік қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, өнеркәсіп басшысының айтуынша, болашақта «Даму» қорының кепілдендіру мен субсидиялау бағдарламасымен де қолдау алу жоспарда бар.

Жабдықтар жаңартылғаннан кейін компанияның өндірістік мүмкіндіктері кеңейді. ПВД.КЗ 5×4 метрге дейінгі кең форматты қаптама мен 2×4 метрге дейінгі ірі габаритті өнеркәсіптік пакеттер өндірісін игерді.ПВД.КЗ өнеркәсібінің артықшылықтары өте көп. Соның бірі - үлкен форматты полиэтилен қаптамасын өндіру. Ірі габаритті қаптамаларды құрылыс саласында ғана емес, өнеркәсіптік жүктерді қаптау және тасымалдау үшін немесе ауыл шаруашылығында өнімдерді жинау үшін де пайдаланады.

«Біз үшін қаптаманы жай ғана өндіру емес, оның қайда және қалай қолданылатынын түсіну маңызды. Сондықтан өнімді тапсырыс берушінің нақты міндетіне - оның өніміне, жабдығына және технологиясына қарай жасап шығарамыз», - дейді ПВД.КЗ директоры Ануар Айтмағамбетов.Бүгінде өнеркәсіпте 60 жұмысшы жұмыс жасайды және өнеркәсіп өзінің сапалы өнімімен ерекшеленеді. Себебі өнім бірнеше тексерістен өтеді және тапсырыс берушінің тапсырысына сай ұзындығы, ені, қалыңдығы барлығы ескеріледі. Қазіргі кезде компания отандық өнімді дамытып, өнеркәсіпті кеңейту үшін тыңғылықты жұмыс атқаруда.


Мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ а.о., М.Түймебаев ауылы, Промзона учаскесі, 199-ғимарат

Тел.: +7 777 230 3456

Эл. пошта: info@pvd.kz

Instagram: pvd_kz_