Кеңес ал!
«ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-нің тарихы – отандық бизнестің өндірісті жүйелі түрде ұлғайтып, жаңа технологияларды игеріп, сұранысқа ие өнімді тікелей өңірде қалыптастырып келе жатқанының жарқын мысалы.Компания өз қызметін 1998 жылы кабель өнімдерін көтерме сатудан бастады. Құзыреттерін, инвестиция көлемін және өндірістік мүмкіндіктерін біртіндеп кеңейте отырып, кәсіпорын өзінің технологиялық базасын қалыптастырып, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді.
Бүгінде Атырау кабель зауыты (АКЗ) - Қазақстанның батыс өңіріндегі отандық өндірістің талшықты-оптикалық және мыс негізіндегі телекоммуникациялық кабель өнімдерін шығаратын, өндірістік алаңы 2500 м² болатын жалғыз кәсіпорын.
Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылым жоғары жылдамдықтағы деректерді беруді, тұрақты байланысты және өнімнің бүкіл пайдалану мерзімі бойы сенімділікті қамтамасыз ете алатын өнімді талап етеді. Атырау кабель зауытының өндірісі дәл осы талаптарға бағытталған. Кәсіпорында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар мен сапалы шикізат пайдаланылады. Өндірістік технологиялар белгіленген параметрлерді дәл сақтауға және жоғары салалық стандарттарға сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді.Бүгінде зауытта 80 білікті маман жұмыс істейді. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 36 000 километр кабельге дейін жетеді. Өнім ассортименті «Қазақстанда жасалған» брендімен сертификатталған талшықты-оптикалық өнімнің 100-ден астам түрін қамтиды. Бұл кәсіпорынға ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жергілікті өндірісте шығарылатын талшықты-оптикалық кабель заманауи байланыстың негізгі артықшылықтарын қамтамасыз етеді:
деректерді жоғары жылдамдықпен беру;
тұрақты әрі сапалы телевизиялық сигнал;
сенімді телефон байланысы.
АКЗ өнімдеріне ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан сұраныс жоғары. Негізгі тұтынушылар қатарында «Қазақтелеком» АҚ, сондай-ақ Атырау облысының жетекші мұнай-газ, көлік және телекоммуникациялық компаниялары бар. Өндіруші үшін бұл жай ғана ірі тапсырыс берушілердің тізімі емес, сапа, сенімділік және жеткізілім тұрақтылығы аса маңызды салаларда отандық өнімге сұраныстың жоғары екенінің көрсеткіші.Өндірістік көрсеткіштердің артында адамдар – кәсібилігі кәсіпорынның дамуына тікелей әсер ететін мамандар тұр. Сондықтан кадрлар даярлау компания жұмысының маңызды бағыттарының біріне айналды.
Бүгінде «Континент Ко ЛТД» Өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС Атырау политехникалық колледжімен және өңірдегі басқа да оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Студенттер үшін бұл тек теориялық білім алып қана қоймай, заманауи өндірістің ішкі үдерістерімен танысуға, технологиялық процестерді көруге және практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Оқуды аяқтағаннан кейін жас мамандар кәсіби жолын кәсіпорынның өзінде жалғастыра алады.
Осылайша, зауыт бір мезетте екі маңызды міндетті шешеді: өзінің өндірісі үшін кадрлық резерв қалыптастырады және Атырау облысының жас тұрғындарына кәсіби жолын бастауға мүмкіндік береді.Кәсіпорынның дамуы жабдықтарға, технологияларға және өндірістік қуаттарға инвестиция салмай мүмкін емес. «Континент Ко ЛТД» ПКФ ЖШС бірнеше рет мемлекеттік субсидиялау және кепілдік беру бағдарламаларына, соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Басым жобаларды несиелендіру тетігі» бағдарламаларына қатысты.
Бүгінде Атырау кабель зауыты алға жылжуын жалғастыруда: өндірістік қуаттарды кеңейтіп, заманауи технологияларды енгізіп және кадрлық әлеуетін дамытып келеді.
Ағымдағы жылы компания «Даму» қорының «Өрлеу» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қарыз алды. Бұл ретте түпкілікті мөлшерлеме 12,6%-ды құрады. Алынған қаржыландыру кәсіпорынды одан әрі дамытуға, өндірісті жаңғыртуға және оның мүмкіндіктерін кеңейтуге қосымша ресурс болды.
ПКФ «Континент Ко ЛТД» ЖШС-нің тарихы бір кездері көтерме саудадан бастаған кәсіпорынның біртіндеп жоғары технологиялық өнім өндіретін заманауи өндірушіге қалай айналғанын көрсетеді. Бүгінде Атырауда өндірілген кабель Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымының бір бөлігіне айналып, өңірден жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерге жол ашуда.
Мекенжайы: Атырау қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 52А ғимарат
Байланыс телефоны: 77122506596
Email: info@akf.kz