Кеңес ал!
Он жылдан астам уақыт бойы «Starplast R» ЖШС Павлодар қаласы мен Павлодар облысы тұрғындарының үйлері мен пәтерлерінде, сондай-ақ кеңселерінде жайлылық пен жылылық қалыптастыруға үлес қосып, терезе, есік және витраж жүйелерін өндірумен айналысып келеді. Көпжылдық жұмыс барысында компания шағын өндірістік цехтан түрлі күрделіліктегі жобаларды жүзеге асыра алатын кәсіпорынға дейінгі жолдан өтіп, мыңдаған клиенттің сеніміне ие болды.Қызметінің бастапқы кезеңінде компания стандартты терезе конструкцияларын өндіруге басымдық берді. Негізгі міндеттер сапалы профильдер мен фурнитураны тұрақты жеткізу жүйесін қалыптастыру, өндірістік процестерді ұйымдастыру және білікті мамандар командасын құру болды. Алғашқы күндерден бастап өнім сапасына, дайындау дәлдігіне және тапсырыстарды орындау мерзімдерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.
Бизнестің дамуы мен заманауи терезе шешімдеріне деген сұраныстың артуына қарай компания өндірістік мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен кеңейтті. Өндірістің қалыптасуындағы маңызды кезеңдердің бірі жабдықтарды жаңғырту және профильдерді кесу, дәнекерлеу мен тазартудың автоматтандырылған желілерін енгізу болды. Бұл конструкцияларды дайындау дәлдігін арттыруға, өндірістік процестерді оңтайландыруға және шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Дамудың келесі кезеңі өнім ассортиментін кеңейту және жаңа бағыттарды игерумен байланысты болды. Стандартты терезе және есік конструкцияларымен қатар кәсіпорын энергия үнемдейтін көп камералы жүйелерді, алюминий сәулеттік конструкцияларды, панорамалық әйнектеу жүйелерін және ламинацияланған профильдерден жасалған бұйымдарды өндіруді жолға қойды. Өндірістік мүмкіндіктердің кеңеюі компанияға жеке тұрғын үйлер мен пәтерлерден бастап кеңселер мен коммерциялық нысандарға дейін әртүрлі мақсаттағы объектілермен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.Сонымен қатар компания жобаны іске асырудың барлық негізгі кезеңдерін қамтитын кешенді қызметтерді дамытты. Атап айтқанда, дәл өлшеу жүргізу мен жобалаудан бастап өнімді дайындау, жеткізу, кәсіби монтаждау және кепілдік қызмет көрсетуге дейінгі жұмыстарды жүзеге асырады. Мұндай тәсіл клиенттерге кешенді қызмет көрсетуге және өңірлік нарықтағы сенімді өндіруші ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етті.Бүгінде «Starplast R» ЖШС өндірістік процестерді жетілдіруді, өнім ассортиментін кеңейтуді және қызмет көрсету сапасын арттыруды жалғастыруда. Қызмет еткен жылдары кәсіпорын 15 000-нан астам жобаны сәтті жүзеге асырып, жеке тапсырыс берушілермен қатар өңірдің ірі құрылыс ұйымдарымен де ынтымақтастық орнатты.
«Біз жұмысты енді бастаған кезде ең басты міндетіміз клиенттердің сеніміне ие болып, өніміміздің сапасын дәлелдеу болды. Біртіндеп өндірісті кеңейтіп, технологияларды жетілдіріп, жаңа бағыттарды игердік. Бүгінде де дамуды, жұмыс тиімділігін арттыруды және мүмкіндіктерімізді кеңейтуді жалғастырып келеміз», — деп атап өтті компания басшысы Реджеп Чавдар.Кәсіпорынның дамуы тапсырыстар көлемінің артуымен қатар жүруде. Бұл шикізат пен жиынтықтаушы материалдарды сатып алуға тұрақты инвестиция салуды талап етеді. Өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындау үшін компанияға, әсіресе маусымдық сұраныс артатын кезеңдерде, қажетті материалдар қорын қалыптастыру маңызды.
2025 жылы айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Starplast R» ЖШС «Банк ЦентрКредит» АҚ-ына қаржыландыру алу үшін жүгінді. Алайда меншікті кепілдік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі несие алуға кедергі келтірді. Бұл мәселенің шешімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен ынтымақтастық нәтижесінде табылды.
«Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында «Даму» қоры жетіспейтін кепілдік қамтамасыз ету сомасының 61%-ын жабатын мемлекеттік кепілдік ұсынды. Соның арқасында кәсіпорын қажетті қаржыландыруды алып, қаражатты өз қызметінің тұрақтылығын сақтауға және одан әрі дамытуға бағыттай алды.
«Даму» қорының қолдауының арқасында біз кепіл мәселесін шешіп, әрі қарай даму үшін қажетті қаражат алдық. Мұндай көмек кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, болашаққа деген сенімін арттырады», — деп бөлісті Реджеп Чавдар.
Тартылған қаржыландыру «Starplast R» ЖШС-не қажетті жиынтықтаушы материалдарды уақытылы сатып алуға, маусымдық сұраныстың шарықтау кезеңіне дайындық ретінде қойма қорын қалыптастыруға, нарықтағы позициясын нығайтуға, өнім ассортиментін кеңейтуге және тәуліктік өндіріс көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
«Starplast R» ЖШС-нің тарихы — кәсіпкерлік бастаманың, сапаға бағдарланудың және өндірісті жаңғыртуға деген ұмтылыстың негізінде қалыптасқан отандық кәсіпорынның жүйелі дамуының жарқын үлгісі. Ал «Даму» қорының қолдауы компанияға қаржылық шектеулерді еңсеруге, өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және одан әрі өсу үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға көмектесті.
Мекенжайы: Павлодар қ., Өнеркәсіптік аймақ, 275-ші Шығыс ғимараты
Телефон: 8-747-610-62-71
Instagram: @starplast.r