Кеңес ал!
Лаура Омарованың кәсіби жолы арнайы курстан және 15 мың теңге көлеміндегі бастапқы капиталдан басталды. Бүгінде кәсіпкер бьюти-қызметтер саласындағы өз кәсібін дамытып, Сәтбаев қаласында сұлулық салонын ашу жобасын жүзеге асыруда.
Лаура Омарова сұлулық саласына 2014 жылы келді. Алғашқы қадамы «Өзіне-өзі визажист» курсы бойынша білім алудан басталды. Алған білімін ол бірден тәжірибеде қолдана бастады.Кәсіпкер алғашқы үш жыл бойы қызметтерін үй жағдайында көрсетті. Біртіндеп клиенттік базасы қалыптасып, кәсіби тәжірибесі артып, өз ісін одан әрі дамытуға деген ұмтылысы күшейе түсті.Лаура кәсіби біліктілігін арттырып, дағдыларын үнемі жетілдіріп отырды. Бүгінде оның тәжірибесі мен білімін растайтын 15-ке жуық сертификаты бар.
Кәсіпкерлік жолдың келесі кезеңі сұлулық салонымен ынтымақтастық орнатумен байланысты болды. Төрт жыл бойы кәсіпкер салонда жұмыс орнын жалға алып, клиенттік базасын кеңейтіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруді жалғастырды. Тіпті екі жылдық декреттік демалысы кезінде де Лаура кәсіпкерлік қызметін тоқтатпай, үй жағдайында қызмет көрсетуді жалғастырды.
Декреттік демалыстан кейін кәсіпкер бизнесті дамытудың жаңа кезеңіне өту туралы шешім қабылдады. Ол тұрғын емес үй-жайды жалға алып, оны сұлулық салоны ретінде жабдықтады және өз шәкірттерінің арасынан мамандар командасын қалыптастырды.
Бизнестің дамуына қарай Лаураға жұмыс істеу үшін жеке кеңістік қажет болды. Коммерциялық нысанды сатып алу толыққанды сұлулық салонын ашуға және қызмет аясын одан әрі кеңейтуге қажетті жағдай жасауға мүмкіндік берді. Осы мақсатта кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп мемлекеттік қолдау алу үшін жүгінді. ҚР Үкіметінің бағдарламалары шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы аясында кәсіпкер 80 млн теңге көлемінде қаржыландыруды 10% төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен алды. Қолдаудың қосымша құралы ретінде қажетті кепілдік қамтамасыз етуді қалыптастыру мақсатында «Даму» қоры несие сомасының 40%-ы мөлшерінде кепілдік берді.
Тартылған қаражат Сәтбаев қаласында орналасқан коммерциялық нысанды сатып алуға бағытталды.Кәсіпкер үшін бұл бизнесті дамытудың маңызды кезеңі — жалға алынған жұмыс орнынан жеке коммерциялық нысанға көшу болды.Бүгінде Лаура Омарова бизнесті өз бетінше басқарып, негізгі жұмыс процестерін ұйымдастырады. Ол қызмет көрсету сапасына, команда мүшелерінің кәсіби дамуына және қызмет аясын одан әрі кеңейтуге ерекше көңіл бөледі.Лаура Омарованың тарихы — кәсіби білім, үздіксіз даму және бизнесті дамытуға бағытталған дәйекті инвестициялар үй жағдайында қызмет көрсетуден бастап жеке коммерциялық нысанға дейінгі жолдан өтіп, бизнестің одан әрі өсуіне негіз қалауға мүмкіндік беретінінің жарқын мысалы.
Мекенжайы: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 15-ғимарат
Байланыс телефоны: +7 707 130 83 39
Instagram: @domkrasoty_lauraomar