Кеңес ал!
Үлкен жобалар көбіне қарапайым арманнан басталады. «Синий трактор» ЖШС кәсіпкері үшін осындай арман — әр бала қамқорлық пен қауіпсіздік ортасында өсіп, білім алып, жан-жақты дами алатын балабақша ашу болды.
2025 жылы бұл арман жүзеге асты. Кәсіпкер ғимарат сатып алып, оны заманауи «Лашын» мектепке дейінгі білім беру мекемесіне айналдырды. Жобаны іске асыру үшін 170 млн теңге көлемінде кредит қаражаты тартылды.
Оның 110 млн теңгесі ғимарат сатып алуға, ал қалған 60 млн теңгесі жөндеу жұмыстарына, жиһаз, техника және қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталды.
2024 жылы кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 170 млн теңге көлемінде кредит алды. Жоба аясында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы пайдаланылды. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы бойынша кепілдік қолдауын ұсынды.
Субсидиялау кәсіпкердің қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік берсе, кепілдік құралы кредит алу үшін қажетті кепілдік қамтамасыз етуді ұсынуға көмектесті. Осы құралдардың арқасында кәсіпкер ғимарат сатып алып, оны қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, балабақшаның толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасады.
Бүгінде «Лашын» балабақшасы 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Мұнда нутрициолог әзірлеген арнайы мәзір бойынша бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.
Білім беру бағдарламасына ағылшын тілі мен робототехника сабақтары енгізілген. Сонымен қатар тәрбиеленушілер логопед-дефектологтың көмегіне жүгіне алады.
Педагогтер әр баланың жеке дамуына ерекше көңіл бөліп, оның қабілеттерін ашуға және жаңа дағдыларды меңгеруіне көмектеседі.
Жұмыстың алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде байқалады. Егер 2025 жылы балабақшаға 10 бала барған болса, бүгінде олардың саны 26-ға жетті. Тәрбиеленушілер санының өсуімен қатар қызметкерлер саны да артты: бастапқы екі қызметкердің орнына қазір бес адам жұмыс істейді.
Мекеме жұмысына берілген жоғары бағаны ата-аналардың сенімі де растайды. 2GIS платформасында балабақша 5 жұлдызды рейтингке ие болды.
«Лашын» командасы қол жеткізген нәтижелермен шектелмей, балабақшаны одан әрі дамытуды көздейді. Алдағы жоспарлардың қатарында мемлекеттік білім беру тапсырысын алу және тәрбиеленушілер санын 50-ге дейін арттыру бар.
Келешекте кәсіпкер білім беру бағдарламаларын кеңейтуді және қосымша филиалдар ашу мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр.
«Синий трактор» ЖШС тарихы кәсіпкерлік бастама мен «Даму» қорының қолдау құралдары әлеуметтік маңызы бар идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бүгінде «Лашын» — жай ғана жүзеге асқан бизнес-жоба емес, жаңа ұрпақ өсіп келе жатқан орта.
Бүгінгі балалық шаққа салынған инвестиция — ертеңгі болашаққа қосылған үлес.
Мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Күлтегін көшесі, 21-үй, 6, 7-кеңсе.
Байланыс телефоны: +7 775 622 47 77
Instagram: @Lashyn_balabaksha