Кеңес ал!
«Qazaq Mining Company» ЖШС: гранит өңдеуден өндірісті кеңейтуге дейін
«Qazaq Mining Company» ЖШС 2017 жылдан бері табиғи тастан бұйымдар өндіру саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып келеді. Компания қызметінің негізгі бағыты — гранитті өңдеу және құрылыс саласына қажетті өнімдер өндіру.
Кәсіпорын гранит тақтайшаларын, жиектастарды, тас қаптамаларын және табиғи тастан жасалған басқа да бұйымдарды шығарады. Көпжылдық қызметі барысында компания өз саласында тәжірибе жинақтап, өндірістік базасын қалыптастырды.
2026 жылы кәсіпорын алдына жаңа міндет қойды — өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өнім түрлерін көбейту. Осы мақсатта компания басшылығы өндірістік цехқа жаңа жабдық сатып алу туралы шешім қабылдады.
Алайда бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық ресурстар қажет болды. Осыған байланысты кәсіпкер «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалына жүгінді. Филиал мамандары кәсіпкерге бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары бойынша қажетті кеңес берді.
Бағдарламалардың талаптарымен танысқаннан кейін кәсіпкер қаржыландыру алу үшін банкке өтінім берді. Өтінімді қарау нәтижесінде банк кредитті мақұлдады. Бұл жобаны іске асыруға мүмкіндік берді.
2026 жылы «Qazaq Mining Company» ЖШС-нің жобасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында қолдау тапты. Тартылған банк қаражаты өндірістік цехқа жаңа жабдық сатып алуға бағытталды. Бұл кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейтуге, граниттен жасалатын бұйымдар өндірісін ұлғайтуға және сапалы өнімге деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Жобаның жүзеге асырылуы компания үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа жабдықты сатып алу өнім түрлерін көбейтуге, шығарылатын бұйымдардың сапасын арттыруға және құрылыс материалдары нарығындағы кәсіпорынның позициясын нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінде «Qazaq Mining Company» ЖШС өнім сапасы мен заманауи өндірістік мүмкіндіктерді басты назарға ала отырып, өз өндірісін дамытуды жалғастыруда. Отандық бизнесті мемлекеттік қолдау осындай кәсіпорындарға жаңа бастамаларды жүзеге асыруға, өндіріс көлемін кеңейтуге және Жамбыл облысының экономикасын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Мекенжайы: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мирный ауылы, ГРЭ-21 көшесі, 8-үй
Телефон: +7 701 225 65 07