Кеңес ал!

23.11.2026

300 орындық алғашқы залдан 500 қонаққа арналған мейрамханаға дейін: павлодарлық кәсіпкердің қонақжайлылық саласындағы өсу жолы

2021 жылы Павлодар қаласының Шығыс өнеркәсіптік аймағында «Ақбота» ЖК басшысы Самат Болатбек қоғамдық тамақтану саласында жаңа нысан ашуға шешім қабылдады. Бұл бастама сұранысқа ие болды: бүгінде Aqbota Saraiy мейрамханасында үйлену тойлары, мерейтойлар мен корпоративтік іс-шаралар өткізіледі. Ал кәсіпкер қазірдің өзінде екінші мейрамхананың құрылысын жүргізуде.

Жобаны жүзеге асыру үшін Самат Болатбек ForteBank-тен 49 миллион теңге көлемінде инвестициялық несие алды. Қаражат жабдықтар мен жиһаз сатып алуға бағытталды. Кәсіпкердің банк талап ететін мөлшерде кепіл мүлкі болмағандықтан, «Даму» қоры 16 миллион теңгеден астам сомаға кепілдік берді. Мемлекеттік субсидиялау нәтижесінде кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрады.

«Мейрамхана кешенінде бағанасыз, жарық әрі кең екі зал бар. Олар 300 және 100 орынға арналған. Мұнда кез келген отбасылық мерекелер мен корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыра аламыз. Жобамызды дамытуға «Даму» қорының қолдауы көмектесуде», — деп атап өтті Самат Болатбек.

Мәзірдің негізін еуропалық тағамдар құрайды, алайда әрбір клиенттің қалауы әрдайым ескеріледі. Банкет құны бір қонаққа 12 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар, маусымдық жеңілдіктерді қоса алғанда, түрлі жеңілдіктер қарастырылған.

Мұнда мерекелік іс-шараларды тек павлодарлықтар ғана емес, өңір ауылдарының тұрғындары да өткізеді. Жақында Aqbota Saraiy мейрамханасында Екібастұз қаласынан келген қонақтар банкет ұйымдастырды.

«Қонақтарды ыңғайлы орналасқан жері, кең автотұрағы, балаларға арналған шағын ойын алаңы, ерекше мәзірі, мол порциялары және әрбір қонаққа жеке көзқарасымыз қызықтырады», — дейді мекеме әкімшісі Жанар Байжуманова.

Қонақжайлылық саласындағы қызметтерге деген тұрақты сұраныс кәсіпкерді бизнесті кеңейту туралы шешім қабылдауға жетеледі. Екінші мейрамхананың ғимараты салынып бітті, қазіргі уақытта сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталуда. Әзірге мекеменің атауы анықталған жоқ. 500 қонаққа арналған заманауи қоғамдық тамақтану орнын келесі жылы ашу жоспарланып отыр.

Жаңа жобаны дамыту үшін «Ақбота» ЖК шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай «Іскер аймақ» бағдарламасын пайдаланды. «Bank RBK» банкі арқылы кәсіпкер жылдық 12,6% мөлшерлемемен 200 миллион теңге көлемінде несие алды.

Aqbota Saraiy тарихы мемлекеттік қолдау құралдарының шағын бизнеске алғашқы нысаннан бастап бизнесті кеңейтуге дейінгі жолдан өтуге қалай көмектесетінін көрсетеді. «Даму» қорының кепілдігі кәсіпкерге бизнестің бастапқы кезеңінде қаржыландыру алуға мүмкіндік берсе, «Іскер аймақ» бағдарламасы одан әрі дамуға жол ашты. Бұл — жаңа жұмыс орындары, қонақжайлылық индустриясын дамыту және өңір тұрғындарына ұсынылатын қызметтер аясын кеңейту.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Шығыс өнеркәсіптік аймағы, 2238-үй

Телефон: 8-702-196-76-56