menu
Жабу

Даму Қоры «Сұңқар» емдеу-диагностикалық орталығына қолдау көрсетті

Жаңалықтар
10.12.2020

«Сұңқар» емдеу-диагностикалық орталығы медициналық қызмет нарығында 2007 жылдан бері жұмыс істейді және жеке меншік медицина саласында көшбасшыға айналды.

2.JPG

Алматыдағы Ақсай-4 шағын ауданында орналасқан, осы «Сұңқар» ЕДО жанында диагностика бөлімшесі (зертхана және сәулелік диагностика), күндізгі және тәуліктік стационар, оперблок пен реанимация, педиатрия, емхана, стоматология жұмыс істейді. 30 түрлі мамандық иелері пациенттерге кеңес беруге дайын.

Біздің компания Сбербанк АҚ ЕБ арқылы 2017 жылдың қыркүйегінде 14%-дық мөлшерлемемен 550 млн теңге несие алды. Оның 8,4%-ын «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялайды. Қаражатқа компания МРТ және КТ-аппараттарын сатып алды», - деді « Сұңқар» ЕДО директоры Қуаныш Керімқұлов.

3.JPG

Бүгінде медициналық орталықтың әр бөлімшесі ДДҰ стандарттарына сәйкес жабдықтармен жабдықталған. Медициналық орталық жұмыс күндері және мереке күндері үзіліссіз жұмыс істейді.

Телефондар: +7 (727) 373 06 06, +7 (701) 2-777-777, +7 (727) 228 10 32

Сайт www.densaulyk.kz

Мекен-жайы: Алматы қ., Мкр. Ақсай-4, 117 үй