info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму» Қоры алаяқтардан сақ болуға шақырады

Жаңалықтар
24.12.2020

2020 жылы Қазақстан Республикасында карантин енгізіліп, шектеу шаралары қолға алынғаныннан бастап әлеуметтік желі мен интернет арқылы алаяқтық жасаушылар саны көбейе түсті. Атап айтқанда  жеңіл пайызбен несие алуға көмектесем деушілер қатары артты.
 
Хабарландыруда көбінесе «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік үшін кепілсіз субсидия алуға қол ұшын бере алатыны көрсетіледі. Яғни Қор арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған құралдарға заңсыз жолмен қол жеткізуге көмектесетінін онлайн-хабарландыру платформаларына жариялайды.
 
Осыған байланысты «Даму» Қоры бизнеске мемлекеттік қолдау жайлы сұрақтар туындаған жағдайда 1408 (Қазақстан бойынша тегін) қысқа нөміріне қоңырау шалып білуді ұсынады. Ал алаяқтық немесе сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болса Қордың senim@fund.kz поштасына мәлімет жіберу керек.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қордың барлық бағдарламалары бойынша көрсетілетін қолдау – тегін.