Осы кезең ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» БҚмДББ аясында 2,2 млрд теңгені құраған 44 жоба субсидияланып, 675,7 млн теңгені құрайтын 15 жоба кепілдік беру бағытында мақұлданды.
Қаржыландырылған жобалардың ішінде ЖК Сырлыбай Б.А., ЖК Троя, «Super-Pharm» ЖШС, ЖК Раева А.С. сияқты ірі компаниялар мен т.б кәсіпорындар бар.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында сомасы 21,6 млн тенгені құрайтын 2 жоба мақұлданып, оның ішінде 1 жобаға сомасы 3,5 млн теңге несие берілді.
2017 жылдың ІІІ тоқсанында қаржылай емес қолдау аясында Тараз қаласының Кәсіпкерлікті қолдау орталығында мемлекеттік 989 бағдарлама туралы консультация өткізілді. Аудандарында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша 257 консультациялық жұмыс атқарылды. Қордың қаржылық құралдарын алуға 20 Кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларының өтінімдері екінші деңгейдегі банктердің мақұлданғанғанына дейін сүйемелденді.
«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 1 адамға демеушілік көмек көрсетіліп, «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы щеңберінде 28 адам дәріс алды. «Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары бизнес мектебі жанында ШОБ-пен жұмыс істеп жүрген жетекшілердің құзіретін көтермелеу мақсатында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында 6 кәсіпорынның жетекшісі дәріс алды.