Атырау облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері, бағдарлама аясында субсидиялау бойынша барлығы 67,2 млрд теңге көлемінде 489 жоба мемлекетік қолдауға ие болды.
2017 жылдың 3 тоқсанында 2,824 млрд тенгенің 65 субсидиялау шартына қол қойылды. Ең көп жоба Жылыой ауданы және Атырау қаласы бойынша тіркелген.
Осы уақыт ішінде Атырау қаласында субсидиялау бойынша мына банктер белсенділік танытты: келісім шарт бойынша - АҚ «Банк Центр Кредит», АҚ «Қазақстан халық банкі», АҚ ДБ «Ресей Жинақ Банкі».
Бағдарламаның жүзеге асу аясында 5,233 млрд теңгені құрайтын 235 кепілдендіру шартына қол қойылды. Кепілдендіру сомасы 2,995 млрд теңге болды.
2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша 24 жоба кепілдік алды. Несие сомасы 544,3 млн теңгені кепілдендіру сомасы 263,07 млн теңгені құрады.
Қаржыландырылған жобалардың арасында кепілдендіру бойынша көп қамтығаны Жылыой ауданы, Атырау қаласы және Құлсары қаласы.
Атырау облысында 2017 жылдың 3 тоқсан бойынша кепілдендіру құралдарын жүзеге асыруда екінші деңгейлі банктер атсалысты. Оның ішінде белсенділері «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ.
Сонымен қатар «Даму» Қоры кәсіпкерлерді Қаржылай емес қолдауда мақсатты түрде жұмыстануда.
«Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары бизнес мектебі жанында ШОБ-пен жұмыс істеп жүрген жетекшілердің құзіретін көтермелеу мақсатында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында 17 кәсіпкер оқудан өтті.
2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 3019 кәсіпкерге 5261 қызмет түрлері көрсетілді.
Атырау мемлекеттік Халел Досмұхамедов атындағы университетінде «Startup Академиясы» жобасы аясында 31 адам оқыттылды, соның ішінде DemoDay-ға 14 стартап жоба ұсынылды, 3 жоба екінші деңгейді банк арқылы қаржылай көмекке ие болды.