menu
Жабу

Павлодар облысында «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобалары аяқталды

Жаңалықтар
17.10.2016

Павлодар облысында «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобалары аяқталды. Жобалар үміткерлердің бойында стартап жоба құру үшін құзіреттілік қалыптастырып, дамыта отырып, кәсіпкерлік әлеуетін ашуды көздейді. Бұл мақсат бойынша стартап жоба болашақта жемісті бизнеске айналып, кәсіпкерлер қаржы көздеріне қол жеткізе алатындай жағдай жасалу керек.

Кәсіпкерлік психологиясы, заңдық, қаржылық аспектілер, менеджмент, маркетинг, бизнес–жоспарлар секілді тақырыптарда білім алғандар дереу әрекет ете бастады.

Оқу аяқталғаннан кейін 2 үміткер жеке кәсіпкер ретінде, біреуі ЖШС ретінде тіркелген.

Тағы бір тыңдаушы Михаил Толмачев банкке өтініш беріп, қазірдің өзінде «Даму» қоры 85% кепілдігімен ісін жаңа бастауға жас кәсіпкер ретінде несие алды.