menu
Жабу

Алматы облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының арқасында кезекті балабақша ашылады

Жаңалықтар
30.10.2017

Желеубаева Индира 2013 жылы Талдықорғандағы алғашқы балабақшасын «Аниса» деген ерекше атауымен ашты. Балабақша 50 баланы қабылдай алады. Онда барлық талаптар сақталған. Балаларды уақытша қарауға өте ыңғайлы орын.

«Даму» Қорына кездейсоқ келдім. Оны өмірімдегі сәтті жағдай деп айтуға болады. Себебі сол жолы мен мемлекеттік жаңа бағдарлама жайлы білдім. Мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері қауымдастығының Талдықорған қаласы бойынша мүшесі едім. Ондағылар саған «саған «Даму» Қоры көмектеседі» деп айтты. Әріптестерім қателеспепті», – дейді кәсіпкер.

Индира «Мариям» ЖШС бөбекжай балабақшасын қолға алды. Алдымен қала орталығынан мектепке дейінгі мекемеге ыңғайлы тұрғын үй қарады. Биыл қазан айында осы үйді сатып алу үшін «Fortebank» арқылы 6%-дық несиеге қол жеткізді. Енді кәсіпкер ол ғимаратқа жөндеу жасап, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады. Соның арқасында Талдықорғанда 100 балаға арналған жаңа балабақша ашылады.

Айта кету керек, бүкіл жүйе бойынша «Fortebankтің» Талдықорған қалалық филиалы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша бірінші болып несие берді. Бұл бағдарлама бойынша қаржыландыруда салалық шектеу жоқ, несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге, мерзімі - ауыл шаруашылығы үшін 7 жылға дейін, қалған салаға 5 жылға дейін. «Даму» қорында егжей-тегжейлі кеңес беріледі және екінші деңгейлі банктер шешім қабылдағанға дейін жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер тегін көрсетіледі. Анықтама телефондары: 8 (7282) 55-87-10.