Жеке кәсіпкер Кабдуғалиева Бақытгүл бизнеспен талай жылдан бері айналысып келеді. Сонау екі мыңыншы жылдары ала дорба арқалап кәсіп бастаған. Одан бері талай уақыт өтіп, заман өзгерді. Бизнес жасау шарттары да бір орнында тұрмайды. Есесіне қазір Бақытгүл бизнестің қыр сырын меңгерген бикешке айналды.
Бақытгүл бүгінде жолдасы Нұрлан екеуі арнайы тауар сататын дүкенді басқарып отыр. Олар бір кездері қалада кеңсе тауарларын сататын дүкен бизнесін қолға алған болатын. Уақыт өте келе бизнес ауқымы ұлғая түсті. Тұтынушылар Қабдуғалиевтар отбасының екі бірдей сауда нүктесін біледі. Кеңсе тауарлары –күнделікті сұранысқа ие тауар болғадықтан, сауда қарқыны артпаса, азайған жоқ. Сөйтіп, жекеменшік дүкен ашу қажеттілігі туындады. Өйткені Кабдуғалиевтер жалға алған ғимаратта отырған еді. Өз бизнесін ұлғайту үшін және тұтынушыларына қолайлы жағдай жасау үшін арнайы дүкен ашуға бел буды.
Осы ойдың нәтижесінде 2011 жылы «Гафура» дүкені ашылды. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін қанша күш-жігер мен шығын кеткенін айту артық. Онымен қоса сауда орындарын жаңа тауарлармен толықтыру да керек еді. Қабдуғалиевтердің алдында барлық кәсіпкерлерге кедергі болған мәселе – айналым қаражатының жетіспеушілігі тұрды.
Бұл мәселені мемлекеттік қолдаудың арқасында шеше алды. «Даму» Қорының көмегімен Қабдуғалиевтар 10 млн теңге мөлшерінде несие алды. Қор 5 млн теңгеге кепіл берді. Бұл несиенің жартысы.
Банк белгілеген 14 пайыздың 10 пайызын мемлекет өтейді. Ал қалған 4 пайызын ғана несие алушы төлейді. Бұл - өте жақсы қолдау.
Кабдугалиевтер қарыз қаражатының арқасында қосымша үш адамды жұмысқа алды. Жалпы оларда 6 жұмыскер бар. Бюджетке аударатын төлемдері де 414, 6 мың теңгеге өсті. Бұл тұрғыда «Даму» Қорының қолдауы әбден қисынды. себебі бизнестің әлеуметтік бағыты басты назарда болуы керек. Жеке кәсіпкер Бақытгүл несие алушы ретінде осы талаптарға әбден сай келеді.