Мемлекеттің қолдауын белсенді түрде пайдалана отырып, әрдайым бизнесті дамыту керек. Бұл – табысты кәсіпкер Елена Бугаенконың өмірлік ұстанымы.
Елена мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. 2015 жылы ол «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын пайдаланып, «Буратино» оқу орталығына ғимарат сатып алды. Биыл Елена өз бизнесін кеңейту және балаларды тасымалдау үшін автокөлік сатып алуға шешім қабылдады. Бұл жолы ол Сбербанктен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жылдық мөлшерлемесі 6%-дық несие алды. Балаларды орталыққа дейін алып келіп, үйлеріне қайта апарып тастау – маңызды әрі ата-ана үшін ыңғайлы.