menu
Жабу

Балаларға білім беру орталығы ашылды

Жаңалықтар
08.11.2017

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Алматыда балаларға білім беру орталығы ашылды.

«Мен мұндай орталық ашу идеясын екі жыл бойы ойымда пісірдім. Бұл жолда көп кедергілер болды. Біресе банктер менің бизнесімнің табысты болатынына сенбеді, біресе банктің пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары деп мен ұнатпадым. Ақыр соңында идеямды жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Ол - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы еді», - дейді «Еуразияның халықаралық орталығы» ЖШС директоры Зәуре Увалиева.

Кәсіпкер әр бейсенбі күні өтетін дөңгелек үстелге қатысудың арқасында бағдарлама жайлы егжей-тегжейлі ақпарат алғанын айтады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау орталығының жеке кеңесшісі жобаны сүйемелдеп, нәтижесінде жобаны қарау барысы да жылдамдаған. «Даму» қорының кеңесшісі Данияр Жарлыханов бизнес-жоспарды, сертификаттарды және банктің басқа қажетті құжаттарын реттеуге қолдау көрсетті. «Нұр Банкке» өтініш берілді. Банк алдын-ала келісім бергенмен, 3 миллион теңгеге кепілдік керек екенін хабарлады. «Даму» Қоры жобаны зерттеп, 3 миллион теңгеге кепілдік берді.

«Осылайша «Даму» Қорының кепілдігінің арқасында маған максималды сома - 18 млн теңге несие берілді. Оқу орталығына арналған тұрғын-жай сатып алу үшін алған несиемнің жылдық мөлшерлемесі 6%. Енді менің арманым орындалды деп сенімді түрде айта аламын», - де»ді Зәуре.

Клиентке сәттілік тілейміз!

Бұқаралық кәсіпкерліктің Бағдарламасы туралы қысқаша мәлімет:

  • Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%;
  • Несиенің максималды сомасы - 18 млн. теңге;
  • Салалық шектеу жоқ:
  • Айналым қаражатын толықтыру мен инвестицияға.

Барлық сұрақ бойынша қоңырау шалып, жазыңыз: 2445566 (вн.3110,3113), 87775598969, эл.адрес: Zaure.Karmenova@fund.kz, мекен-жайы: Гоголь көшесі 111, Алматы қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы.