2017 жылдың қыркүйек айында Зыкрия Маймаков басшылық ететін «Тараз нан зауыты №2» жауапкершілігі шектеулі серіптестігіне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының қолдауымен «Қазақстан Халық банкі» Жамбыл филиалы өндірістік ғимарат сатып алу үшін 103 млн теңге несие мақұлдаған.
Несие «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының екінші бағыты – экономиканың басым секторларындағы және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызмет ететін кәсіпкерлерге банктің пайыздық мөлшерлемесінің бөлігін 10% көлемінде субсидиялау шеңберінде мақұлданған. Банк мақұлдаған жылдық мөлшерлеме 15,5% құрады. Осылайша, кәсіпкер қалған жылдық 5,5% төлейді.
Сонымен қатар, Қор жоба шеңберінде несие сомасының 49% құрайтын 7,2 млн теңге мөлшердегі кепілдік берді.
Қазір «Тараз нан зауыты №2» жауапкершілігі шектеулі серіптестігі Тараз қаласында нан шығарумен айналысып жатыр.
Осы уақытқа дейін Зыкрия Иса ұлы өндірістік ғимаратты жалға алып келген.
Мемлекеттік қолдау алғаннан кейін кәсіпорын жалға берушіге тәуелді болмайды және өз ғимаратында жұмысын жалғастырады.
Банктер клиенттің жобасын қарау барысында, «Даму» Қорының кәсіпкерлерді қолдау Орталығы тарапынан клиентке жан-жақты консультациялық қызмет көрсетілді.