«Даму-Регионы ІІІ» кіші және орта бизнестегі өңірлік басым жобаларды қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысында стоматологияны дамыту бойынша жоба қолданды

Жаңалықтар
17.11.2017

Павлодар облысынаң Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) кәсіпкерлер арасында зор танымалдылықпен белгілі. Орталықтың кеңесшілері кәсіпкерлерге банкке өтініш жазу үшін пайдалы бағдарламаны таңдауға және құжаттарды жинауға көмек көрсетеді.

«Гарант» ЖШС-нің қаржы директоры Дубовик Марина Николаевна кеңес алу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінді. Кәсіпкерге стоматология жабдықтарын сатып алу үшін қаражат қажет болды.

КҚКО-ның кеңесшісі Жулаушинов Асыл кәсіпкерге қолайлы бағдарламаны таңдап, банкті анықтауға көмектесті. Компанияға «Даму-Регионы ІІІ» кіші және орта бизнестегі өңірлік басым жобаларды қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ВТБ банк қолдау көрсетті. 

Алынған 18 млн. теңге қаражатқа  компания стоматология жабдықтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Пайыздық мөлшерлемесі 7%-ға дейін субсидиялау мүмкіншілігімен 14% пайыздық мөлшерлемені құрды. Сонымен бірге компания тағы бір қолдау шарасы 7 млн. теңге мөлшерінде - Қордың ұсынысы – Даму кепілдемесін пайдаланып қалды.

Стоматология Павлодар қаласының тұрғындарына есіктерін айқара ашты. Компания жаңа жабдықтарымен павлодарлықтарға қызметтің жоғары дәрежедегі сапасын ұсынады.