menu
Жабу

Өндіріс - ел экономикасының дамуына жол ашады.

Жаңалықтар
23.11.2017

Сіздердің назарларыңызға жеке кәсіпкер «Қанатбаев Абай Жанғабайұлының» жетістік тарихын ұсынамыз. Кәсіпкер «60 млн теңгеге дейін айналымдағы қаражатты толықтыруға» арналған несие бағдарламасының қатысушысы. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, жобаға өзіндік үлес талап етілмейді. Жоба моно қалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады, ал облыс орталықтарында «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бекітілген экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жүзеге асатын жобалар қатыса алады.  

Кәсіпкерлік қызметпен Абай Жанғабайұлы 2013 жылдан бері айналысып келеді. Ол темірден өнім жасаумен, сондай-ақ құрылыс материалдарын және қажетті аксессуарларды өндірумен айналысады. Кәсіпкер Басқұдық селосы, Тұлпар көшесіндегі тас жол бойындағы ыңғайлы жерден дүкен салған. Дүкен сауда жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген және барлық коммуникациялар жүргізілген. Ғимарат кәсіпкердің жеке меншік құқығына тиесілі жалпы ауданы 120 ш.м. құрайтын екі бөлмеден тұрады. Бұл дүкенде өзінің темірден жасаған бұйымдары мен аксессуарларын, бояулар, құлыптар, кабельдермен т.б. жабдықтарды сатумен айналысады. Кәсіпкер дүкеннің жұмысын жұбайымен бірлесіп атқарады, темірді жергілікті жеткізушілер мен Алматы қаласынан алып отырады.

Цехта темірден қақпалар, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және т.б. өнімдерді жасап шығарады. 2 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Кәсіпкер айналым капиталын толтыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 14% деңгейінде 36 ай мерзімге несие алып, мемлекет тарапынан 10% мөлшерлемесіне субсидия алып,  4% несие төлеуде. Сондай-ақ жоба құнының 22% мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігі берілді. Бұл қолдаулар «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында іске асып отыр.