menu
Жабу

Семей қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» аралық қорытындысы жария болды

Жаңалықтар
27.11.2017

21 қараша күні Семей қаласының Орталық кітапханасында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» осы қалада жүзеге асу барысы талқыланды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Семей қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы» ММ. Шараға «Даму» КДҚ өкілдері, ҚР ҰКП өкілдері, «ШҚО Семей қаласының әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, банктер, сондай-ақ қаланың БАҚ өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған бағдарламада Семей қаласы бойынша 5 банктің филиалдары мен өкілдіктері қатысады. Бүгінгі таңда жобаларды қарастыру және мақұлдау бойынша «Қазақстаның Халық Банкі» АҚ жетекші орында тұр – жалпы сомасы 45 млн тенгені құрайтын 4 жоба, оның ішінде 1 жоба бойынша несие берілді. Мақұлданған 9 жобаның бесеуі – «Даму» қорының кепілдігімен екен айтып өткен жөн.

Бағдарламаның осы және басқа нәтижелерін соңғы кездесуде Семей қаласының ШҚО-дағы «Даму»АҚ-ның АФ өкілі Анжела Маслова жариялады. Тұтастай алғанда, бұл іс-шара бірлескен, өнімді жұмысты жалғастыру үшін, осы бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық ұйымдар арасындағы тиімді сұхбатқа мүмкіндік берді.