menu
Жабу

Табысты кәсіпкерлермен алғашқы «Бизнес - фитнес» өтті

Жаңалықтар
29.11.2017

28 қарашада Жетісу мемлекеттік университеті жанында құрылған «Start-UP Академияда» белгілі кәсіпкерлер Ильмира Хакимова мен Ирина Чен ісін жаңа бастаған және болашақ кәсіпкерлер үшін шеберлік сабағын өткізді. Хакимова Ильмира бизнеспен 15 жылдан бері айналысады.

«FORTUNA FOOD» кондитерлік цехының директоры, «Алтын Дастархан» атты облыстық кондитерлік фестивалде 1 орын иеленген. Ильмира «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларының қатысушысы. Бірнеше рет кәсіпкерлік курстарынан, «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша Берлин қаласында тағылымдамадан өтті.

Екінші спикер Чен Иринаның бизнесте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Құрылыс, көтерме-бөлшек сату, мейрамхана бизнесі саласында еңбек еткен. Қазақстанда «PARTY FOOD» брендінің негізін қалаушы. Комипанияның бас директоры. Бизнес коуч, тренер. Ирина мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай көмек алды және болашақта да алуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкерлер жиында өз бизнесін қалай қалыптастырғанын, іс қалай басталғанын, алғашында қандай қиындықтар болғанын, бизнесте өз мақсаттарына қалай қол жеткізгенін айтып берді. Екі спикер де бизнесті жолға қою барысына қажет қоюда көптеген кеңес, ескерту мен нұсқаулар берді.

«Бұл - «Бизнес-фитнес» форматындағы біздің алғашқы кездесуіміз. Мұндай кездесу жастар үшін өте пайдалы екеніне сенімдіміз, - деді «Даму» Қорының құзыретті арттыру бағдарламалары жөніндегі бас менеджері Жандос Нұрғазинов. Осы секілді басқосуларды үнемі ұйымдастырамыз. Өйткені болашақ кәсіпкерлер үшін табысты бизнесменнің өз аузынан естіген тәлім құнсыз. Бүгінгі спикерлерге және әдемі айелдерге үлкен рахмет айтамыз!».