Мұсабекова Гүлшат Кәукенқызы 1992 жылы Семей қаласының өнеркәсіп колледжін бітіріп, Алматыдағы республикалық «Мақпал» сән орталығына байқау арқылы өтті.
«Мақпал» сән орталығы гастрөлдік сапармен әлемді шарлап келеді. Сондықтан да Гүлшат шебер тіккен киімдер Германия, Франция, Америка елдерінде талай көрсетілді. Сән үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Сондықтан да Гүлшат Кәукенқызы Мақпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Толқын Зәбирова секілді отандық әншіледің сахналық киімдерін тігуге өз үлесін қосты.
2004 жылы Гүлшат Кәукенқызы туған қаласы Семейге оралып, өнеркәсіп ашуға бел буады.
«Әрине, әр жұмыстың өз қиындығы бар. Ен басында біз ұлттық нақышта той көйлектерін тігуден бастадық. Бірақ бәсекелестік жоғары болғандықтан, өнім түрін өзгертіп, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істей бастадық. Ол үшін бізге өндірістік жабдықтар мен өз ғимаратымыз керек болды. Сол кезде біз «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алуға бел будық. Олар бізге мемлекеттік қолдау алу жөнінде ұсыныс жасады,-дейді кәсіпкер.
2015 жылы Мұсабалина Г.К. несиені субсидиялауға рұксат алды. Бүгінгі таңда «Ақниет» салоны өңір тұтынушылары арасында ғана емес, ТМД елдері арасында да танымал. Кей кезде тапсырыс Қытай мен Жапониядан да түседі. Бірінші кезекте сахналық және ұлттық киімдерге тапсырыс береді. Сонымен қатар соңғы кезде кәсіпкер модельер Шынар Жоламановамен бірлесіп жеке «SAASH» брендтін шығарып келеді.
«Қазақстанда жасалған» ұлттык тауар өндірушілер көрмесіне екі рет қатысты. Соның арқасында тапсырыстардың бір бөлігі Алматы және Астана қалаларынан да түсіп отыр.