Мұса Ғабдуллаұлы Акашев жеке кәсіпкерлікпен 1 жылдан бері айналысып келеді. Ол өз кәсібін жол бойында қызмет көрсету түрінен бастауды шешті.
«Мен осыған дейін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қатарында қызмет еттім.,Жұмыс бабымен әртүрлі елді мекендерге іссапармен барып жүрдім. Әсіресе Алматы–Екатеринбург тас жолындағы қонақ үйлерге жиі тоқтадым. Осыдан кейін демалыс орынын ашу ой келді. Алдымен сауна кейіннен мейрамхана мен қонақ үй салуды шештім»,- дейді Мұса Ақашев.
2014 жылы кәсіпкер өз қаражатына сауна салып, жол бойындағы қонақ үй құрылысын бастады.
«Қарағай» қонақ үйі өте ыңғайлы жерде, Қарағанды – Павлодар автомагистралінің бойында орналасқан. Ауыр жүк таситын көліктердің тоқтауына қолайлы. Қонақ үйде 3 бір орынды, 1 екі орынды және 1 үш орынды бөлмелер бар.
Қонақ үй «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қызмет көрсететін фирмалармен келісім-шартқа отырғандықтан көптеген фирмалардың қызметкерлері іссапарға келгенде жиі тоқтайды.
Мұса Ғабдуллаұлы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының арқасында құрал-жабдық алып, қонақ үйдің құрылысын бітіре алғаны үшін «Даму» Қоры» Қарағанды облысы аймақтық филиалына ризашылығын білдірді. Жоба «AsiaCredit Bank» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалы «Даму аймақтар ІІІ» бағдарламасы арқылы 20 миллион теңгеге қаржыландырылды. Кәсіпкер 17 миллион теңгеге немесе несие сомасының 85% «Даму» қорының кепілдемесін алды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының екінші бағыты бойынша алынған несие сомасының 14%-ның 7%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Осы жоба аясында жаңа 5 жұмыс орны ашылды.