menu
Жабу

«Даму» Қорының қолдауымен алыс ауылда тойхана ашылды

Жаңалықтар
10.08.2016

Жеке кәсіпкер Ижанова Әсел Амангелдіқызы Батыс Қазақстан Облысының Зеленов ауданы Переметное ауылында үлкен тойхана салды.

Әсел Амангелдіқызы ғимарат құрылысы үшін «Ресей Жинақ Банкі» АҚ Еншіліс банкінен 10 000 000 тенге көлемінде несие алған. 2016 жылдың 10 маусымыңда өткен Аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша оң шешім қабылданды.

Сонымен қатар, осы несиені алу барысында жеке кәсіпкерде кепілдігі жеткіліксіз болды. Осыған байланысты ол «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту Қорына келген еді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту және қолдау Біріңғай бағдарламасы аясында Қор 8 500 000 тенге (несие сомасының 85%) көлемінде кепілдік ұсынды.

Тойхананың ашылу салтанаты тамыз айының орта шешіне жоспарланып отыр.