Кентау қаласының жетекші кабельді телеарнасы «Даму» Қорының кепілдігімен ғимарат сатып алды

Жаңалықтар
04.08.2016

«Дидар-2030» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы жетекші кабельді теле операторы. Компания қызметін 2010 жылы екі қызметкермен 60 арнаны ретрансляциялаудан бастаған болатын. Қазіргі кезде компания штатында инженер, монтер, бақылаушы секілді 14 қызметкер бар. 25-тан астам қазақстандық, 35 шет елдік арнаны трансляциялайды. Олардың қызметін Кентау қаласындағы көппәтерлі үйлердің 60%-ы пайдаланып отыр. 2017 жылы бұл көрсеткішті 80%-ға арттырмақ.

«Дидар-2030» ЖШС теледидарлық бағдарламалар трансляциясы бойынша авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша компаниялармен, теледидар станцияларымен тікелей келісім-шарттары бар. Мұндай келісім-шаттар кез келген оператор үшін маңызды.

Кабельдік теледидар алғашында кеңсені жалға алды. Алайда өз ғимаратының болуы маңызды.

- «Біздің Әлем-TV кабельдік телеарнасы Кентау нарығында 6 жылдан аса уақытттан бері қызмет етуде. Жыл сайын кеңейюдеміз. Құрылғыларды жаңартамыз, абоненттердің қажеттіліктері мен қалаулары бойынша қызметтер пакетін кеңейтеміз. Біздің монтерлер аптасына алты күн, шақырту бойынша тәуліктің кез-келген уақытында жұмыс істейді. Кез келген техникалық ақауларды жояды. Біз болашақта іргемізді кеңейту үшін осы жылы ғимарат сатып алуды жоспарладық. 20,0 млн. теңге мөлшерінде несие алу барысында біз кепілдік жетпегендіктен, «Даму» Қорының кепілдемесін пайдаландық. Қысқа мерзімде Сбербанк пен «Даму» Қоры несиені мақұлдады және біз ғимарат алып та үлгердік»,-дейді компания директоры Амантай Нұрахметов.