Осы кезең ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасын іске асыру аясында қаражаттандыру бағыты бойынша 5,78 млрд теңге сомасына 31 жобаға, кепілдендіру бағыты бойынша жалпы сомасы 506,8 млн теңгелік 18 жобаға қолдау көрсетілді. Кепілдіктер 239,7 млн теңгені құрады.
ШОБ қолдау бағдарламасы бойынша Елбасының тапсырмасымен ШҚО өңдеу өнеркәсібінде Ұлттық қор қаражатының есебінен 2016 жылдың 2 тоқсанында жылдық 6% мөлшерлемемен 705,7 млн теңге сомасына 18 жоба қаржыландырылды.
Қаржыландырылған жобалар ішінде «Казэлектромаш» ЖШС, «Георгиевский завод насосного оборудования» ЖШС, «Семипалатинский завод масел» ЖШС тәрізді ірі жобаларды атауға болады.
Қаржылық емес қолдау аясында 2016 жылдың 2 тоқсанында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша 2017 кеңес ұсынылды. Сонымен қатар заң, маркетинг, бухгалтерлік есеп бойынша 29 бизнес-жоспар әзірленді. Аудандарда кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша 296 мобильді кеңес көрсетілді.
«Даму-Көмек» жобасының аясында мұқтаж 5 адамға демеушілік көмек көрсетілді. «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» бағдарламасының аясында 40 адам оқытылды. «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары бизнес мектебінің негізінде шағын және орта бизнес жетекшілерінің құзыреттілік деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша 10 кәсіпкер оқытылды.
«Даму» Қорының қолдауын алған Шығыс Қазақстан облысының 14 кәсіпорны мамыр айында «Қазақстанда жасалған» ұлттық көрмесіне қатысып, өнімдерін ұсынды.