menu
Жабу

«Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстандық филиалы алты айлық жұмысын қорытындылады

Жаңалықтар
19.07.2016

Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) 2016 жылдың 6 айы ішінде бизнесті ашу және жүргізу бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар жасау бойынша, салықтық және статистикалық есептемелерін тапсыру және т.б. сұрақтар бойынша іс бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге 4,3 мыңнан астам қызмет көрсетті.

Кеңес берушілер қаржыландыру бойынша кәсіпкерлердің 98 жобасын сүйемелдеп, оның ішінде жуырда жобаларды субсидиялау және кепілдендіру бойынша 9 жоба мақұлданды. Олар: «Инсер» ЖШС (кондитерлік цех), ЖК Калдыбаев (балабақша ұйымдастыру), ЖК Жусипов К. (Сарыағаш қ. Құрылыс заттары дүкені), ЖК Оралова (кондитерлік цех) және Мади-С ЖШС, сонымен қатар 2 кәсіпкер грант жеңіп алды. Жақын күндерде тағы да 8 жоба бойынша шешім күтілуде.

«Назарбаев Университеті» ББАҰ базасында «ШОБ топ-менеджментін оқыту» оқу жобасының шеңберінде оңтүстік қазақстандық компаниялардың 66 топ-менеджерінің өтініші іріктеліп, олардың ішінде 26 жетекші оқу курсынан өтті. Олардың арасында «Зерде фито» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Алтай» АШК және т.б. оңтүстіктегі танымал компания басшылары бар.

Жастарға және іс бастаушы кәсіпкерлерге арналған «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» және «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобалары шеңберінде 100-ден аса адам оқытылды. Оның ішінде 5 адам бизнесін ашты.

2016 жылдың сәуір айында облыс әкімшілігі мен «Даму» Қоры арасында жылдық мөлшерлемесі 8,5% болатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың аймақтық Бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.