«Даму» Қорының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

Жаңалықтар
19.07.2016

«Даму» Қорының Атырау аймақтық филалында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 2 869.7 млн теңгені құрайтын 37 субсидиялау шартына және 231.7 млн теңгені құрайтын 24 кепілдендіру шартына қол қойылды.

Тағыда айта кететін болсақ, Даму қорының кепілдендіру құралын алу үшін кәсіпкерлер «Egov» электронды порталы арқылы өтініш бере алады. Кепілдендірудің несие сомасы 180 млн теңгеден аспауы тиіс. Яғни, кәсіпкер ешқайда бармай, үйден «Даму» Қорының кепілдемесін алуға өтінім бере алады. 2016 жылы мамыр айында кәсіпкер кондитерлік өнімдер өндіру цехына коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу мақсатында, «Egov» порталы арқылы 12 млн теңге «Даму» Қорының кепілдігін алуға өтінім береді.(Кәсіпкерге несиені АҚ «Сбербанкі» 14% мөлшерлемемен мақұлдады.) Аталған Өтінім 5 (бес) күн ішінде қаралып мақұлданды. Болашақта өтінімді толықтай «Egov» порталы арқылы қабылдау жоспарлануда. Кәсіпкердің өтінімін жылдам қарау және ашықтық - «Даму» Қорының 2016 жылға қойған негізгі мақсаттарының бірі.

Сонымен қатар кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бағытында да көптеген жұмыстар атқарылды.

«Назарбаев Университет» ДБҰ Жоғарғы мектебі жанында «Шағын және орта бизнес топ–менеджементін оқыту» жобасы бойынша Атырау облысының шағын және орта бизнесінің 8 топ–менеджерлері оқытылды.

2016 жылдың басынан Кәсіпкерлерді қолдау орталығында 1 972 кәсіпкерлік ынтасы бар жеке тұлғаларға 3512 қызмет көрсетілді. Қызмет бухгалтерлік және салық есебі, заң саласы, маркетинг және мемлекеттік бағдарламалар және т.б. салалар бойынша көрсетілді. 46 бизнес–жоспар жасақталды.

Осы кезеңде Кәсіпкерлерді мобильдік қолдау орталығының кеңесшісі облыстың 25 ауданын аралап, 467 адамға 852 қызмет түрін көрсетті.

Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі 345 адамға 882 астам қызмет түрлерін ұсынды.

«Даму – Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді.

«Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы бойынша 25 жас оқытылып, олардың үшеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ЖК «Нейбарт» АҚ «Сбербанкі» киім тігу цехын ашу үшін 2 млн 500 мың теңге көлемінде несие алуға өтінім берді. Өтінім 14% мөлшерлемемен мақұлданды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы аясында «Даму» Қорының Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы «Атырау Мұнай және Газ институты» және ЖШС «Apec Petrotechnic жоғарғы техникалық мектебі» оқу орындарымен меморандумга қол қойылды. Аталған жоба аясында 50 студент оқытылды.

Сонымен қатар КҚО аясында кәсіпкерлердің біліктілікерін арттыру мақсатында көптеген семинарлар, шеберлік сабақтары өткізілді. Семинарға 50 ден астам кәсіпкер қатысты.

2016 жылдың мамыр айында Атырау облысының, бұрын «Даму» Қорының қолдауына ие болған 13 кәсіпкері «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысып өздерінің өнімдерін ұсынды.